Борат та айыппұл төлей ме?

cover

-Туды историяңа неге салдың?

- Елдің бәрі салып жатыр ғой! Мен де салып қойдым сосын, ұят болмасын деп!

Айтыңызшы, таныс сөздер ме? Иә, фильмнің арқасында 24 сағаттық патриотизмге куә болдық.

Аймандай қылған абыройдан, айылын жимай отырған жұрт туды желілерге жарыса салғанымен не ұтты өзі? Биені бүгімен, түйені түгімен жұтатын жоғарыдағылардың тәбеті қайда осындайда? Туды ұялғаннан салдық па, әлде бұл шыдамның шегі ме?! Сұрақтар көп-ақ, ә! Жауап ше?!

                   Қазақстандық режиссер, сценарист Еркін Рақышев:

Молдияр Ергебековтың «Біз Боратпыз!» деген сөзіне келісесіз бе?

Келіспеймін! Бірақ, шындығына келгенде Борат ол кім? Ол образы – ақымақ адам. Ал сондай адаммен халықты теңестіруге болмайды. Халық ондай емес. Мұның екінші тұсы бар. Біздің биліктегілер – нағыз Бораттар! Оларға сатқын, опасыз десеңде жарасады. Бәріне фактілер бар. Мысалы, осыншама байлықтың үстінде отырып, несиемен өмір сүріп келеміз. Енді өзіміз 2 миллион адам сол несиесін қайтара алмай, 1,5 миллион адам 42 мың ғана теңгеге отбасын асырап, күнін көре алмай жүргенде, біздің өкімет Африканың артта қалған елдеріне 500 млн $  бөлді ғой көмекке. Бұл енді Борат демей немене?!

Одан кейін ту тақырыбы бар. Оңбаған Борат фильмде туды таптап, қорлап жатыр. Ту – қасиетті. Әр ұлттың символы. Оны қылтимаға, қабырғаға ілуге болмайды деген заң бар елімізде. Ілген жағдайда заң бойынша айыппұл төлеуге міндетті. Бұл да Борат демей немене?! Осы сияқты біздің биліктің кемшіліктері демейміз, ақымақтықтары жетіп артылады.

Борат фильіміндегі абстрактілі Қазақстан қаншалықты шындыққа жанасады?

Борат жанамалап болса да еліміздің образын көрсетіп отыр. Шындыққа жанасатын жерлері: билік басындағылардың бәрі диктаторлар, сөз бостандығы жоқ, бір адамға табынушылықтің әлі күнге дейін бары мен жағымпаздықтың жойылмауы. Халық Бораттағыдай ақымақ емес.

«Борат 2» фильімінің түсірілуінің себебі не де деп ойлайсыз?

Мына дүниені ескеру керек. Бұл фильмді кім түсірді, кім бұл киноға тапсырыс берді, кім үшін фильм тиімді болды? Менің ойымша бұл фильмге тапсырыс берген біздің билік. Сен мен біздің қалтамыздағы, халықтың ақшасына қазақты қаралау үшін түсірілген кино деп ойлаймын. Неге деген сұраққа келер болсақ, “Cаясатта  кездейсоқтық болмайды” деген сөз бар. Сайлау күні жарияланған күні Бораттың да киносы жарыққа шықты. Бұл қандай сәйкестік? Биліктің мойнында үлкен міндет тұр, парламентте жеңіп шығу деген. Олар жеңіп шығу үшін халық назарын Боратқа аудартып, қоғам белсенділерін сайлауға араластырмай отыр. Иә, мен солай ойлаймын! Белсенділер мен халық Боратты сотқа беруді талап еткенбіз. Олар Бораттың мекен-жайын таппағанын айтып, ақталған. Ақылды адамдарға Бораттың мекен-жайы керек емес. Осы фильмді түсірген киностудияның адресі тұр ғой, соған шағым беріп, жабу керек. Борат ол тек қана рөлді сомдаушы.

2006 жылғы алғашқы бөлімінің жарыққа шығуы негізінде елдегі туризмнің 10%-ға артуына себепші болды делік, ал екінші бөлімнен біз нені ұтамыз?

Қазақстан ештеңе ұтпайды. Зияны өте ауқымды. Себебі, осы фильм жарыққа шыққанда шет елдегі жастарымыз өте ыңғайсыз жағдайда қалған болатын. Олар тіптен Қазақстандық екендіктерін атап айтуға ұялған. Биліктегілер фильм арқылы туризм дамыды деуі мүмкін. Бұл өтірік! Себебі, туризмді дамыту үшін бізге бағаны төмендетіп, жағдайды жасау керек. Әйтпегенде, Қазақстаннан гөрі шет елде демалу тиімді болып отыр.

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығына «Намыс» патриоттық қауымдастығы фильмнің екінші бөлімінің шығуына қарсы петиция жіберген. АҚШ үкіметі «Борат 2»-ні қаржыландыруы мен таратылуына еш қатыстары жоғын мәлімдеп отыр.

«Өз басындағы отты көрмей біреудің басындағы шоқты көріп күліпті» деген сөз бар. Басындағы отын байқамаған Боратқа біздің белсенділер араға бір апта салып, тағы да петиция ұйымдастырды. Шара барысында петицияға ат салысушылар «Шыны үйдегі адам тас атпастан бұрын ойлануы керек» деген жазуы бар үш тілдегі плакаттарды көтеріп, пенопластан жасалған табыт алып келген. Себебі, фильмдегі көріністер, қазіргі таңда АҚШ-та болып жатыр. Ұйымдастырушылар егер фильмге тыйым салынбаса, нәсілшілдік пен кемсітушілік фактісін анықтау үшін сараптама жүргізетінін, сонымен қатар халықаралық сотқа шағым беру жоспарларына кірісіп кетеміз деген сөздеріне бекініп отыр.   

Қоғам белсенділерің ұйымдастырып отырған петицияларына қатысты қазақстандық саясаттанушы Асқар Нұршаның пікірін сұраған едік:

Қоғам белсенділерінің кезекті петициялары «Борат» фильімінің көрсетілімінің тоқтатылуына себепші бола ала ма?

Фильм сюжеті маған да ұнамады. Бірақ, бұл саяси сатира деп аталады. Сол себептен де фильм сюжетін қалыпты жағдайда қабылдағанымыз жөн. Себебі, Қазақстан фильмдегідей ел емес!

Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фильмнің екінші бөлімінің Қазақстанда таралуына шектеу қойды. Еске сала кетсек, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің алғашқы бөліміне әзіл тұрғысынан қарау керектігін алға тартқан. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ту туралы заңға өзгеріс еңгізу керектігін жариялаған.

«Борат» фильімін көргеннен кейін қабырғаға ілгені үшін айыппұл төлеген Қазақстандықтарға жаным ашыды. Ал туымызды қорлаған Борат ше? Ол айыппұл төлей ме?

ҚР-ның Заңы Қазақстан азаматтары мен азаматшаларына арналған. Борат шет елдің азаматы болғандықтан айыппұл төлемейді. Естеріңізде болса, Брэд Питтің қатысуымен «Тибеттегі жеті жыл» (1997) картинасы Пекинге ұнамады, содан кейін суретшінің ҚХР-на келуіне тыйым салынған болатын. Қазақстандықтарды қорлап түсірген «Борат» фильімінің де үлкен шу тудырғаны анық. Осы негізді қолдана отырып, оны елімізге кіргізуден шектеу қоюымызға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар