Болат Назарбаевты бұрынғы енесі сотқа берді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қатысты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына талап арыз түсті.
2012 жылы Болат Назарбаев өгей ұлы Данияр Кесікбаевпен Алматы қаласы Бостандық ауданын, Тимирязев көшесінде орналасқан учаскесі үшін соттасқан. Ол кезде бұрынғы президенттің бауыры жерді «сән үшін және заңды жауапкершілік жүктемеу үшін» бергенін дәлелдеген еді. Енді қазір Болат Назарбаевтың үстінен арыз түсіп отыр. Оның бұрынғы енесі 23 жыл уақыттан кейін сату-сатып алу келісімшартын жарамсыз деп танығысы келеді.
Бостандық ауданының сотына Болат Назарбаевтың екінші әйелінің анасы Тұрахан Құрманғалиева арыз жазған. Ол есте жоқ ескі заманда, нақтырақ айтқанда 1999 жылы өзінің марқұм күйеуі Саудабай Құрманғалиевтың экс-президенттің інісіне Тимирязев көшесінің бойында орналасқан екі қабатты қонақүйі, көлік жуу орталығы және сән салоны бар ғимаратты сатқанын хабарлады. Қазір бұл мекенжайда BNC Plaza бизнес-орталығы бой көтерген. Алматы қалалық сотынының баспасөз-қызметі арыз түскенін растады.

Болат Назарбаевтың 90 жасқа келген енесі сату-сатып алу келісімшартының күшін жою туралы шешімін марқұм күйеуінің қонақүй учаскесін сатар кезде ешкіммен ақылдаспағанымен түсіндірді. Кей деректерге сүйенсек бұл жер туралы әйел өз немересі Жаннадан естіген, ал немересі бұған дейін Orda.kz зерттеулерін оқыған болса керек. Зерттеуде сот ісі, бизнес орталықтың құрылысы туралы толық жазылған еді.
Тұрахан Құрманғалиеваның арызында өзінің ешқандай келісімшартқа келісім бермегенін, демек шарттың заңды күші жоқ екені жазылған. Бұған дейін заңның осы нормасын Болат Назарбаевтың бірінші әйелі Гүлжан бірнеше рет қолданған. Оқиға қысқаша былай болған: бірнеше жылдардан соң Гүлжан күйеуінің, яғни Болат Назарбаевтың Медеу ауданындағы жерді басқа адамдарға сыйлағанын/сатқанын білген. Кейін олар Ханболат Назарбаев пен Данияр Кесікбаевтың қол астына өтті. Әйелі бірнеше рет сотқа шағым түсіріп жеңіске жеткен.
Бұрынғы енесінің күйеу баласына жазған арызы Бостандық ауданының соты Марат Ибрагимовқа қарауына бұйырған. Бұл іс бойынша процесс әлі тағайындалған жоқ.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар