Елжан Біртанов: «СК-Фармацияның» еш қатысы жоқ

cover

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда төтенше жағдай кезінде дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне «СК-Фармация» ЖШС-нің, атап айтқанда осы ЖШС-ның экс-басшысы Берік Шәріптің кінәсі жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Экс-министрдің айтуынша, «СК-Фармация» ешқашан бөлшек сауда үшін дәрілерді тасымалдаған емес.

— Маңызды нәрсеге тоқталғым келеді. Бұл дәріханалардағы дәрі-дәрмектерге қатысты жағдай. «СК-Фармацияның» мақсаты мен міндеттері ауруханаларға дәрі-дәрмек сатып алу болды. Ауруханадағылардың барлығы, сонымен қатар онкологиялық науқастарға, туберкулезге, психикалық ауруға шалдыққандарға арналған емханаларда берілетін ақысыз дәрі-дәрмектерді алды.

Ал дәріханалардың барлығы, өздеріңіз білесіздер, жеке нарықта. Денсаулық сақтау министрлігі оған ешқашан бақылау жасаған емес. Оның әлі де заңды мүмкіндігі жоқ. «СК-Фармация» ешқашан бөлшек сауда үшін дәрілерді тасымалдаған емес. «СК-Фармацияда» дәрі-дәрмектер болып, ал, бірақ дәріханаларда оның болмай қалуы - бұл екі бөлек нәрсе, - деді Біртанов сот отырысы кезінде.

Біртанов қоймаларда, бір жағынан, ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектер де болуы мүмкін, ал екінші жағынан, дәріханаларға арналған дәрі-дәрмектер де сатып алынып қойған болуы мүмкін екенін айтты.

— Сондықтан олар жалға алып отырған «СК-Фармация» деп аталатын қоймаларда, бір жағынан, ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектер де болуы мүмкін, ал екінші жағынан, дәріханаларға арналған дәрі-дәрмектер де сатып алынып қойған болуы мүмкін. Қоймада не болған-болмағанын тексеру оңай. Бұл бөлшек саудадағы дәріханаларға және «СК-Фармацияның» рөліне қатысты маңызды мәселе, қарбалас жағдай туындап, тұрғындар дәрі-дәрмектер жаппай сатып алып жатқанда көтерме саудагерлер мен жеке компаниялар сұранысты қанағаттандыра алмады. «СК-Фармацияның» бұған еш қатысы жоқ, - деп түсіндірді Біртанов.

Сөз соңында Елжан Біртанов «СК-Фармацияның» ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігіне ие екенін жеткізді.

— Қазірдің өзінде бюджеттен сатып алынған дәрі-дәрмектердің қалдықтары қанша екенін көруге болады. Тағы бір маңызды міндет - отандық өндірушілерді қолдау. «СК-Фармация» ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігіне ие. Егер біз тендер өткізсек, отандық өндіруші келеді, шетелдік дәрі-дәрмектер шеттетіліп, біздің фабрикалардан сатып алынады. Бұл ұзақ мерзімді келісімшарттар фармацевтикалық өндірістің рөлін едәуір арттырды.

Одан біз не ұттық? Бұл бізге қосымша резерв, күш берді. Өткен жылы науқастар саны артқан кезде барлық дәрі-дәрмектер бөлшек саудадан сатып алынған. Отандық зауыттар мұны бізге өндіріп берді. Шетелдік зауыттардың ешқайсысы дәрі-дәрмек жеткізбеді, - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар