Білім министрлігі 2,5 трлн астам қаражатты қайда жаратпақ?
Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҒЖБМ) «Назарбаев университетіне» және басқа да бірқатар жобаларға 2,5 трлн астам қаражат жұмсауды көздеп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар жиыны («Жоғары және жоғары оқу орнын бітірген кадрлармен қамтамасыз ету», мың теңгемен есептегенде): 2023 жылы - 383 277 439 тенге; 2024 жылы - 471 634 869 теңге ; 2025 жылы - 526 781 163 теңге; 2026 жылы - 562 170 275 теңге ; 2027 жылы - 594 495 271 теңге» деп жазылған бюджеттік бағдарлама жобасында.
Осылайша, әңгіме Т2 538 359 017 000 немесе шамамен Т2,54 трлн қаражат туралы болып отыр.
Сипаттамаға сәйкес шығыстарды келесідей бөлген:
- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдегі жоғары оқу орындарында маман даярлау;
- жоғары және жоғары оқу орнын бітірген мамандарды даярлау және «Назарбаев университеті» ААҚ қызметін ұйымдастыру;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында әдіснамалық қамтамасыз ету, оның ішінде Жобалық офистің жұмысы;
- сенім білдірілген агенттердің білім беру кредиттерін қайтару жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу; білім беру сапасына сыртқы бағалау жүргізу;
- студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаты бойынша жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі оператор қызметіне ақы төлеу;
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі операторының қызметіне ақы төлеу;
- Қазақстан Республикасының азаматтары емес шетел азаматтарын (диаспора) , ұлты қазақ адамдарды оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама;
- көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
«Кәсіптік стандарттарды ескере отырып жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі 2025 жылы - 75%, 2026 жылы - 80%; 2027 жылы - 85%; шетелдік әріптестермен екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыратын АЖҚҰ үлесі 2025 жылы - 50%, 2026 жылы - 55%; 2027 жылы - 60%; оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылардың саны 2025 жылы - 200 адам, 2026 жылы - 200 адам, 2027 жылы - 200 адам; 2025 жылы - 25 бірлік, 2026 жылы - 27 бірлік, 2027 жылы - 29 бірлік шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік саны (үдемелі қорытындымен)» деп бюджеттік бағдарламаның міндеттеріне сипаттама берілген.
Бюджеттік бағдарлама 14 кіші бағдарламадан тұрады, ең көп шығындар «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» кіші бағдарламасы бойынша қарастырылған - Т2 139 966 081 000 немесе шамамен Т2,14 трлн.
Ал қалған Т398 392 936 000 немесе шамамен Т398,4 млрд-тан астамын - яғни Т212 821 258 000 немесе Т212,8 млрд-тан астамын «Назарбаев университеті» ААҚ-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және қызметін ұйымдастыруға жұмсалмақ.
Осылайша, қалған 12 бюджеттік кіші бағдарламаға Т185 571 678 000 немесе Т185,6 млрд-қа жуық, яғни бюджеттік бағдарламаның барлық қаржысының 7% -дан сәл астамы ғана қалады.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты