Белсенді Диана Баймағамбетова екі айға қамауға алынды

cover

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 14 желтоқсанда 28 жастағы Диана Баймағамбетованы екі айға қамауға шешім шығарды (2021 жылдың 12 ақпанына дейін). Баймағамбетова «экстремистік топқа мүше болу» бабы бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Белсенді 12 желтоқсанда Алматыда ұсталып, уақытша қамау изоляторына түсті.

Диана бір жылда үш рет әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы 45 күн қамауда болды. Маусымда ол – «субботаж» шарасына, тамызда - марқұм Дулат Ағаділдің ауылындағы «шеру», қазанда Алматыдағы акцияға қатысқан.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалысына қатысы бар деген күдікке ілінген. Екі ұйымға тыйым салынған. Жалпы 110 адам ұйымға қатысы бар болып, айыпталған.

Қазақстан соты аталған ұйымдарды «экстремистік» деп танығанмен Еуропарламент «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар