Баспанасынан айрылған салымшылар Алматыда наразылыққа шықты
Алматы қаласында 24 қараша күні сағат 10:00 кезінде «Көк-Бәйтерек» ЖШС бізді баспанамыздан айырды деген бір топ адам наразылық білдіруге жиналды.
Бір топ адамнан тұратын акцияға Алматы қаласы әкімдігі Ганди саябағында өткізуге рұқсат берген. Жиналғандар бұл мәселеге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударуын сұрайды.

Наразы топтың талабы:
- Үлескерлердің құқығын қалпына келтіру;
- Алматы қаласы прокуратурасының бассыздыққа жол бермеуі.

Жиналғандар «15 жыл бұрын сатып алған үйімізді қайта сатып жатыр. Бізді жалғыз баспанамыздан айырды. Тау-Көктем тұрғын үйінің салымшыларына көмектесіңіздер» деген жазуы бар бірнеше плакат іліп қойды.
Оқиға қалай өрбіді?
Салымшылардың құқығын қорғаушы заңгер Андрей Казначеевтің айтуынша, 2006 жылдан бастап келісімшарт жасап, ақшасын төлеген салымшылар әлі күнге дейін үйлерін алмаған.

– Нысанның 95 пайызға жуығы дайын болған. Құрылыс компаниясының ақшасы жетпей, нысан банкке өтеді. Содан кейін банк жерді жаңа құрылыс компаниясына сатады. Жаңадан келген «Көк-Бәйтерек» ЖШС салымшыларды шетке ысырып тастап, үйлерді қайтадан сатып жатыр. Олар тұрғын үйді толық өңдеп, пәтерлерді сатуға шығарды. Жиналған адамдардың көбі қазір баспанасыз қалды. Салымшылар бас-аяғы алпысқа жуық адам. Барлығы жүз пайыз ақшасын төлеп қойған. Қылмыстық іс қозғалды, директор табылып сотталды, іс сонымен тоқтап қалды, - дейді заңгер.
15 жылда 4 салымшы қайтыс болды
Үйінен айырылған азаматшаның айтуынша, 15 жыл арасында 4 салымшы қайтыс болған. Сондай-ақ, өзіне банк тарапынан көрсетілген қысым салдарынан мүгедек болып қалғанын да жасырмады. Салымшылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы мәселеге назар аударуын сұрайды.

– 20 жыл бұрын АТФ банкінен несие алып, «Тау-Көктем тұрғын» үй кешенінен екі пәтер сатып алдым. 15 жыл ішінде банкке 1 млн доллар теңге төледім. Банк менің кепілге қойылған барлық мүлкімді сатып жіберді. Қазіргі күні үйсіз қалдым. 15 жыл ішінде банкке қарызы бар 4 адам қайтыс болды. банк тарапынан көрсетілген қысымның салдарынан мүгедек болып қалдым. Бізбен келісімге қол қойған «Тау-Көктем» компаниясының директоры Нұрғазиев бостандықта жүр.
– Жалпы саны 60 салымшы 6 жарым миллиард теңге қаражат жұмсады. Бізге үйді 2007 жылы беруі тиіс. Бірақ қазір 2021 жыл, осылаша созыла берді. Әкімдік салымшылардың келісімінсіз, үйді салуды басқа компанияға тапсырып, сатып жіберген. Құрылыстың тоқтауына ақшаның болмауы себеп. Нұр банк компанияның жұмысын толықтай тоқтатты. «Көк Бәйтерек» салымшылардың өтіншітеріне мүлдем құлақ аспайды. Бұл біздің пәтеріміз, біздің қаражатымыз жұмсалды. 15 жылдан бері қиынық көріп келе жатқан тұрғындарға прокуратура, әкімдік, президент Тоқаев назар аударса екен дейміз, - дейді наразылық білдірушілердің бірі.
Банкке алданып, үйін ала алмай жүргендердің бірі. Рауша Қабылбекова. Ол жалпы сомасы 340 мың доллар жұмсағанын айтып, үйін 15 жыл бойы ала алмай жүргенін баса айтты.
Далада қалдым
– 2006 жылы келісімге қол қойдым. Келісім бойынша үйді 2007 жылы алуым тиіс еді. Осы үйді алу үшін үйімді сатып жібердім. Сол уақытта менің бизнесім болатын. Кредитті доллар арқылы төлеу керек болған соң, бизнесім банкротқа ұшырадым. Жалпы сомасы 340 мың доллар жұмсадым. Келісімді әкімдік, банк мойындамайды. Үйді салып жатқандарды сотқа бергенде өтінішімізді қабылдамады, - дейді Қабылбекова Раушан.

Фото: Orda.kz редакциясы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық