«Барып тұрған қорлық». Мектеп дәретханасы жұртшылықты шошытты

cover

Алматыдағы мектептердің бірінің дәретханасы жұртшылықты шошытты. Әкімдік оның жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Видеоны әлеуметтік желі қолданушысы Сандуғаш Дүйсенова жариялады. Оның айтуынша, бейнежазбада Панфилов ауданының Қырыққұдық ауылындағы мектеп дәретханасы түсірілген.

Ол өз үндеуін Білім министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады.

— Жаңа дәретханалар салынды, бірақ онда бүлдіршіндерге баруға болмайды. Себебі ауылда су жоқ! Тек жекеменшік мекемелерде ғана бар. Оның өзі  тек таңғы 9 -дан түскі 12-ге дейін беріледі, - деді Сандуғаш Дүйсенова.

Бейнежазбадағы ағаштан жасалған дәретхана далада орналасқан.

Дәретхана жағдайына қатысты Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

— Мектеп 1985 жылы салынған. 2020 жылы мектеп ішінде 3 млн 526 мың теңгеге ішкі дәретханалар салынды. Мектеп суы орталық жүйеге қосылған. Ауылдағы ауыз су мәселесі бойынша: мектепке күн сайын сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін су беріледі. Сонымен қатар, сыйымды бір тонналық су қабылдағыш бар. Су мектептің тұтынуына жеткілікті. Ескі дәретханалар министрліктің тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылы басталғанша бұзылады, - деді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар