«Балам, саған Гарвард та көмектеспейді» деді әкем – Жансұлтан Сапарбаев

cover

Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың ұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы сұхбат беріп, бірқатар өзекті сауалдарға жауап берді.

Журналист сұхбат барысында спикерден Қазақстанда білім алғаны туралы айта келіп, шетелде білімін жалғастырмауының себебін сұрады.

— Білесіз бе, мен орта білім алған кезде таңдауға түстім. Оқуымды жалғастырсам ба деп ойлағанмын. Сонда әкем «Балам, сен ақымақ болсаң, саған Гарвард та көмектеспейді. Ал басыңда бірдеңе болса, сен алға жылжисың» деді. Сосын таңдау жасадым. Мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін таңдадым, - деді ол.

Жансұлтан Бердібекұлы журналистің көп сұхбат бермейтіні, көпшілік алдына көп шықпайтыны туралы сұрағына өз жұмысы туралы айқайламай, есесіне өнімді жұмыс атқарғанды дұрыс деп санайтынын жеткізді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар