Балалар омбудсмені жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептерін айтты
Фото: Facebook / Dinara Zakiyeva
Динара Зәкиева Facebook желісіндегі жазбасында соңғы уақытта болып жатқан мектеп оқушыларының өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларына қатысты пікір білдірді. Ол мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен түрлі ведомстволардың, соның ішінде Білім, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, Бас прокуратура және басқа да құрылым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселесі талқыланғанын мәлімдеді, хабарлайды Орда .kz
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайтын жасөспірімдердің орташа жасы 15-17 жас, бірақ мұндай жағдайлар 11-13 жас аралығындағы балалар арасында жиілеп барады. Омбудсмен қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін нақтылады: жалғыздық, ата-анамен, құрдастарымен қарым-қатынастағы проблемалар, қорлау, буллинг, әлеуметтік желілердің әсері.
Зәкиева Мәдениет және ақпарат министрлігі суицидті насихаттайтын материалдарды таратудың 22 фактісін анықтап, оның 19-ы жойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық туралы тарататын 56 интернет-ресурс жойылып, 101 материалға хабарлама жіберілді. Сондай-ақ министрлік Telegram және Meta платформалары арқылы балаларды тартуға пайдаланылуы мүмкін белгілі бір атаулары бар қауіпті топтарды жою үшін олармен байланысқа шықты.
Омбудсмен Цифрлық даму министрлігі 111 байланыс орталығы сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, оған басқалармен қатар, балалардың да көбірек жүгінетінін атап өтті. 11 ай ішінде психоэмоционалды жағдай және суицидтік ниет бойынша 1237 өтініш пен барлығы 75 000 қоңырау түскен.
«Осы айдан бастап барлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізілді, біз балалар құқығын қорғау комитетімен бір жыл бойы жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, 110 мектепте KIVA қорқытуға қарсы бағдарламасын пилоттық енгізу басталды, ол келесі жылдан бастап барлық мектептерде болады. Сондай-ақ қаңтар айынан бастап барлық мектептерде 500 балаға бір психолог (қазіргі уақытта 1500 балаға 1 психолгтан келеді) болады».
Уәкіл сондай-ақ бірқатар облыстардағы, атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы әкімдіктердің жеткіліксіз жұмысы туралы мәселе көтерді. Бұл аймақтарда психологиялық орталықтардың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етілмеген.
Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин суицидтің алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен ай сайын кездесу өткізіліп, қабылданған шешімдердің орындалуы жіті бақылауда болатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық