Байқоңырда жылына кем дегенде 4 коммерциялық ұшырылым болады

cover Baigenews

Қазақстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері Гагарин старты алаңын жаңартқаннан кейін жыл сайын онда кем дегенде төрт коммерциялық ұшырылым өткізеді.

Бұл туралы Orda.kz ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.

Модернизациялау жобасына сәйкес, «Гагарин стартында» «Союз-2»-нің барлық зымырандарын ұшыруға болады. Жылына кем дегенде төрт коммерциялық ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жобаны Ресей, Қазақстан және БАӘ тең үлестермен қаржыландырады. Модернизациядан кейін Ресей резервтік ұшырғыш алады. Ал Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері - ғарыш аппараттарын орбитаға шығару мүмкіндігіне ие болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Гагарин стартын» модернизациялау жобасының жалпы құны үш тараптың әрқайсысынан 29 млн доллардан, 87 млн-ды құрады деп хабарланған болатын.

Қайта құру аналогтық жүйелерді цифрлық жүйеге, ескірген технологиялық жабдықты заманауиға ауыстырудан және құрылыс-монтаждау жұмыстарынан тұрады. Жоспарланған модернизацияға дейін ұшыру алаңынан Союз-FG зымыран тасығышы ұшырылды, ал модернизациядан кейін Союз-2 зымыран тасығышын және оның өзгертілген нұсқаларын ұшыру жоспарланып отыр.

Гагарин стартын жаңарту 2023 жылға дейін жалғасады.

№1 алаң («Гагарин старты») - Байқоңыр ғарыш айлағындағы ең көне ұшыру алаңы. «Восток» кемесімен 1961 жылы 12 сәуірде әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин ұшқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар