Баға басылсын, табыс тасысын: Тоқаев Үкіметтің «жүгенін» тартты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын қарастырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімет басшысының баяндауынша ұлттық экономика өсімінің 70 пайыздан астамы өнеркәсіп, сауда және көлік салалары есебінен қамтамасыз етілді.
Статистикалық мәліметтер бойынша биылғы қаңтар мен қараша айлары аралығында көлік қызметтері 20,3 пайызға, құрылыс саласы 14,7 пайызға, ал сауда 8,8 пайызға артқан. Сонымен қатар негізгі капиталға 18,5 триллион теңге инвестиция тартылып, жеке инвестициялар ағыны 9,8 пайызға ұлғайды.
Кездесу барысында 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. Құжат инфляцияны төмендетуге және әлеуметтік әл-ауқатты нығайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, премьер-министр жылу беру маусымының барысы мен 2026 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыру жоспары туралы ақпарат берді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу мен экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды