БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды
Фото: bussinesmir
Қазақстанға 300 миллион теңгеге жуық заңсыз мұнай сатты деген күдікке ілінген ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры қызметін атқара жүріп, 2022–2023 жылдары Ақтөбе облысында сыбайластарымен бірге аса ірі көлемде мұнайды заңсыз өткізген.
Қылмыстан кейін ол шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланды. 2024 жылы күдіктінің Дубайда жүргені анықталып, Қазақстанның Бас прокуратурасы БАӘ-нің құзыретті органдарына оны ұстап беру туралы сұрау жолдады. Нәтижесінде ер адам ұсталып, елге жеткізілді.
Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды. Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды