БАӘ-нің ең биік ғимараты қазақстандықтарды құттықтайды

cover

Тәуелсіздік күніне орай Біріккен Араб Әмірліктеріндегі екі ғимарат Қазақстан туының түсінде жарықтандырылады. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінде ерекше құттықтау туралы айтылған.

БАӘ-нің ең биік ғимараты - Дубайдағы Бурдж-Халифа - 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен 21.40-та Қазақстан туының бейнесімен безендіріледі.

Сонымен қатар, Абу-Дабидегі ADNOC мұнарасында Қазақстанның тәуелсіздік символы пайда болады. Бұл қаланың басты мұнараларының бірі — 74 қабатты ғимарат. ADNOC биіктігі 342 метр.

Мұндағы жарық шоу Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-де басталады. Трансляцияны БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің ресми Facebook парақшасынан көруге болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар