Қазақстанның бас мүфтиі «Қара жұма» атауын өзгертуді ұсынды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қара жұма» сөзін «Жомарт жұма» деп ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты хабарлайды.
– Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын, - деді ол.
Жомарт жұма атауы халқымыздың ұғымына сай келетінін айтқан Бас мүфти бұл Ислам діні ұстанатын халқымызға деген құрмет болатынын да жеткізді.
«Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» – «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді, - делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар