Қазақстандықтар «вакциналардағы чиптер» туралы видеоны таратып әлек

cover

Ғаламторда қазақстандықтар арасында жалған «бейне ескерту» таратылуда. Бейне авторы камерада чиптері бар шприцтерді көрсетеді, деп StopFake хабарлады.

Шын мәнінде, видео авторы жануарларды чиптеуге арналған жүйелерден басқа ешнәрсе көрсетпеген. Оны орамдағы Animal ID, ICAR Certified жазуынан көруге болады.

Шприцтердегі дәл осындай чиптерді интернет-дүкендерден және дәріханалардан оңай табуға болады. Сипаттамада олардың ірі қара мен ұсақ жануарларға жарамды екендігі айтылады.

Құрылғылар жануардың терісінің астына енгізіліп, барлық мәліметтермен төлқұжат ретінде қызмет етеді. Олар шекарадан өткізілетін жануарлар үшін міндетті болып табылады. Кейбір елдерде иелері оларды мемлекеттен тыс жерге шығаруды жоспарламаса да үй жануарын чиптеу міндетті.

Айта кетсек, COVID-19 вакцинасының дозасын сатып алып, үйге әкелу мүмкін емес. Әзірге жаппай вакцинация науқандары тек Ұлыбритания мен АҚШ-та басталды, онда пациенттер егуді медициналық мекемелерде қабылдайды. Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау әлі басталған жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар