Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ минус 1,6%-ға өсті

cover Алаш айнасы

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсу 7,9%-ға дейін жеделдеді, ал негізгі капиталға инвестициялар 34% деңгейде өсті. Жылдық инфляция 7,0%-ға дейін баяулады, - деп хабарлады Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, нақты сектор салаларының басым бөлігі тұрақты өсім көрсетті. Ақпарат және байланыс саласында 9,9 % өсім байқалды.  

– ЖІӨ-нің өсу қарқыны осы жылғы қаңтар-ақпандағы минус 2,9%-дан қаңтар-наурызда минус 1,6% - ға дейін жақсарды. Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсу қарқынының жеделдеуі байқалады. Серпінді өсім машина жасауда 21,8% - ға, оның ішінде автомобиль құрастыруда 20,7% - ға тіркелді, - деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ, құрылыс материалдары өндірісі 30,1%- ға, химия өнеркәсібі өнімдері - 14,2%- ға, пластмасса бұйымдары - 22,3% - ға, киім-кешек-25,8% - ға, жиһаз-19,2% - ға, фармацевтика-9,1% - ға өсті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар