Яндекс Такси бұғатталса не болады?

Шынымен Яндекс Такси жұмысын тоқтатса ше? Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және елорда тұрғындары бір жерден екінші жерге қалай жетеді? Orda.kz тілшісі осы сұрақтарды Алматы тұрғындарына қойып көрді.
Такси компаниясы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Бірақ жүргізушілер мен жолаушыларды Yandex.Go қосымшасын бұғаттауға бұйрық берген сот шешімі ойлантып жүр.
Біреу әр кезде балама табуға болады, біреуі кетсе екіншісі келер деген ойда. Ал басқалары Яндекс Такси жүргізуші мен жолаушыға барлық қажетті жағдайды жасап отырған қазақстан нарығындағы монополия дейді.
Жүргізуші Әлібектің айтуынша, такси компаниялары ашылғаннан кейін бәрін бақылауда ұстап, олқылықтармен жұмыс істемейді, жолаушылар туралы мүлде ойламайды. Ал Яндекс Такси әлі де бәрін өз бақылауында ұстап отыр.
– Ол үзіліссіз, ешқандай қосымшасыз, навигация мен таксиметрді біріктірген ыңғайлы бағдарлама арқылы жұмыс істейді. Менің ойымша, басқа таксилерде мұндай артықшылық жоқ, - деді жүргізуші.

– Жолаушылардың айтуынша, картаны шотқа тіркеген кезде негізсіз ақша шешіп жатады. Сондықтан адамдар қолма-қол төлем жасайды. Бірақ баға тұрақты емес екенін ескеру қажет. Барлығы жұмыс көлеміне, көліктердің қолжетімділігіне, ауа-райына байланысты өзгеріп отырады. Халық өте қымбат деп шағымданады, - деді Әлібек.
Сондай-ақ, ол өз шағымында төлем жүйесі жүргізуші үшін де тиімсіз болатындығын айтты. Компания әр сапарға 20 пайыз алады.
Біз көшеде кездестірген Аида Яндекс Таксиде жұмыс істейді. Ол саяхат құны неге өзгермелі екенін түсіндірді.

– Бағаның өсуі кейбір жағдайларға, шақырым мен сапар уақытына, ауа-райының қолайлығы, жақын маңда көліктердің болуы мен кептеліске байланысты, - деп түсіндірді Аида.
Ал Иван есімді жолаушылардың бірі бағаларды орынды деп санайды. Ол өзінің жайлылығы үшін қажетті соманы төлеуге дайын.

– Егер менің уақытым шектеулі болса, Яндекс болмаса, мен көліксіз қаламын. Мен кептеліске, бензинге, майға, сақтандыруға уақыт жоғалтпаймын. Жылдам көлік пен сыпайы жүргізушілер қолжетімді, - деді Иван.
Жас ана Арай да осы пікірге қосылды. Ол үшін баласының қауіпсіздігі бірінші орында.

– Мен ұлымды ертіп қаланы жиі аралаймын және барлық жерде тек Яндекс Таксиді қолданамын. Егер ол жабылса, басқа қосымшаларды қолдана алатыныма сенімді емеспін. Тек InDriver-ді ғана қолдануым мүмкін. Бірақ Яндекс әзірге барлық қауіпсіздік талаптарына сай, - деді ол.
Ал жолаушы Айдос Яндекс Таксиді қолданбайды, оның ойынша, такси компаниясы бағаны тым жоғары қояды.

– Мен InDriver-ді қолданамын, өйткені ол қарапайым әрі арзан. Uber де қымбат. Қала тұрғындарының шамамен 80 пайызы Яндексті пайдаланады. Егер ол жабылса, адамдар ескі тәсілмен жүре бастайды, - деп сендірді ол.
Жүргізушілер Яндекстегі орындары үшін күресуге дайын ба деген сұраққа ешкім нақты жауап бере алмады.
– Мен әділ бәсекелестікті қолдаймын. Егер сізге мұнда ұнамаса, әрдайым басқа компанияның қызметтерін қолдана аласыз. Біз еркін адамдармыз. Неліктен барлығы такси жүргізуге барады? Себебі олар жалақы алып, бағынышты болып жұмыс істегісі келмейді, - деді Әлібек.
Ал оның әріптесі Тілек, керісінше Яндекс Таксиде жұмыс істеу құқығын қорғамайтынын өте сенімді айтты.

– Мен Яндекс Таксиді қорғап қалу үшін ереуілге шықпайтыныма сенімдімін. Себебі бұл менің негізгі табыс көзім емес. Егер компания жабылса, мен ақша табудың басқа жолдарын іздеймін, - деді Тілек.
Сондай-ақ, компания үшін емес, жан рақаты үшін жұмыс істейтіндер де болды.
– Егер компания жабылса, басқа балама іздемеймін. Менің ай сайынғы негізгі табысым - 20 мың доллар. Мен Яндекс Таксиді қолданып, демалыс күндері қосымша ақша таба аламын, - деді мақтанышпен жүргізуші Артур.
Еске салсақ, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Тұралиева «G-Tax» ЖШС патенттелген автокөлікке тапсырыс беру жүйесіне байланысты талап арызын ішінара қанағаттандырды. Компания Yandex.Go олардың эксклюзивті құқықтарын бұзды деп санайды. Судья Яндекс Такси қосымшаларына кіруге тыйым салу туралы шешім шығарды, бірақ әзірге такси паркі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Авторы: Евгения Стегленко
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар