Жемқорлықты жеңу мүмкін болмай тұр: өлім жазасы керек пе ?
Қазақстандықтар бүкіл жүйе параға белшесінен батқан деп шағымданып жатады, ал басқа елдерде пара мәселесі қалай? Жиі кездесе ме? Онымен қалай күреседі?
Осы және басқа да сұрақтарға Orda.kz редакциясы жауап іздеді.
Рейтинг

Қазақстан көршілес 5 елдің ішінде пара бойынша 2-ші орында.
2021 жылы Transparency international ұсынған деректерге сай:
- Қытай (180 елдің ішінде 78 орында)
- Қазақстан (94 орында)
- Қырғызстан (124 орында)
- Ресей (129 орында)
- Өзбекстан (146 орында)
- Түркіменстан (165 орында)
Қандай жаза қолданады?

Алты елдің ішінде ең қатал жаза - Қытайда. Онда парамен ұсталғандар өлім жазасына кесіледі. 2016 жылы енгізілген өзгерістерге сай пара көлемі 3 млн юаньнан (460 мың доллардан) асса ғана, өлім жазасы қолданылады. Ал көрсетілген соммадан аз парамен ұсталғандар тізімдегі басқа елдерде парамен ұсталғандар сияқты айыппұл төлеп, жазасын өтейді.
Ал рейтингте ең жақсы көрсеткіш көрсеткен Түркіменстанда парамен ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.
Ал Қазақстанда пара Қылмыстық кодекстің 366, 367, 368 баптарын қамтиды. Айыппұл салынып, бас бостандықтарынан айрылады.
Еске салсақ, жақында Алматы қаласының сотына қатысты пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Адам пара алғанда не ойлайды?

Юлия Абдулина, психолог:
– Мұнда тарихқа көз жүгірту керек. Кеңестік кезде, қателеспесем, Брежнев басқарған кезде параға дұрыс қарап, тіпті оны қолдайтын. Негізі пара алу – ол посткеңестік адамның терең санасында жатқан дүние. Бұл сұраққа психологиялық тұрғыдан жауап беру қиын. Мен оны тек ұрпақтан ұрапаққа берілетінін айта аламын. Посткеңестік кезде пара кеңінен тарағандықтан біз одан әлі де арыла алмай отырмыз. Әсіресе, ол тоқырау кезінде, азық-түлікке тапшылық кезінде кең етек жайды.
Одан тек жаңа ұрпақ қана арыла алады. Ол үшін біз балаларымызға пара алуда не беруде ештеңе тұрған жоқ дегенді таратуымызды қоюмыз керек.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Жыл басынан бері «Пара алу» дерегі бойынша 12 қылмыс және «Пара беру» дерегі бойынша 11 қылмыс тіркеліп үлгерген.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде
– Бүгінгі таңда қоғамның қазіргі заманғы болмысы мен қажеттіліктерінің басымдығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Бұл ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың барлық көріністеріне мүлдем төзбеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және азайтуға қатысты.
Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жобалар, оның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту жөніндегі «Жетісу - адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.
Халықпен тікелей және кері байланыс орнату үшін тұрақты негізде Азаматтарға ақпараттық - консультациялық қолдау көрсететін 1424 call - орталығы жұмыс істейді.
Параны жою үшін оның себебін құрту керек

Нұрболат Айекешов, әлеуметтанушы:
– Пара беру деген о баста бар нәрсе. Ол қазір біріншіден коммерцияның бір бөлігі деп айтсақ болады. Екіншіден, ол коррупциялық қылмыстардың бірі. Біз бірінші бұл жерде ненің пара, ненің пара емес екендігін заңнамада анықтап алуымыз керек. Себебі кейбір параларды соңғы кездері заңдастырып, кәдімгідей коммерциялық төлемақыға ауыстырған.
Мысалы, кезінде 90-шы жылдары ақылы оқу деген ашылды. Кеңестік дәуірде өмір сүрген адамдар «қалай ол ақша төлеп жоғарғы оқу орнында оқиды?» деп таңғалатын, олардың түсінігінде ақша беру – пара болған. Ал қазір оқуға ақшамен түсудің өзі заңдастырылған пара, яғни, тек қана оқудың төлемақысы. Міне осындай кездер болады.
Тағы бір мысал, кейбір ЖОО-да грантта оқысын, ақылы бөлімде оқысын студенттер сабаққа қатыспай жүреді де, артынан бекітілген төлем жасайды. Бір қарасаң ол пара, бірақ төлемге де келеді. Сондықтан пара деген кезде оны анықтап алу керек. Бірі қызметті алу үшін төлем жасаса ол заңды, ал кейде құқылы қызметін алғаны үшін жасаған төлемі пара болып жатады.
Одан арылу үшін құқықтық мемлекет, құқықтық қоғам орнатып, заң бәрімізден жоғары деген түсінік пайда болу керек. Сондай-ақ, параны алдын алу үшін оның себебін болдыртпау керек. Адам қажеттілігі болмаса пара бермейді де.
Біздің қоғамда «парасыз болмайды» деген менталитет қалыптасып алған. Пара беру біздің бюджеттік салада білім беру саласында, медицинада бар нәрсе.
Ең қызығы біздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі параны болдыртпау үшін жұмыс істеп отырып, өздері сол параны алады. Парамен күрестің өзі параға әкеп жатқан парадокс болып тұр.
Қоғам өзгермейінше біз одан арылмаймыз. Пара берудің себептерін жою керек!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық