Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын дамытуға үлес қосушылар марапатталды

cover Сурет 24.kz сайтынан алынды

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Өзбекстанда ек ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жүрген біраз азамат марапатталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Құрметке қоғам қайраткерлері, журналистер, ақын-жазушылар мен осы елдегі қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері ие болды. Еліміздің Өзбекстандағы елшісі Абайдың 175-жылдығына арналған медальдар мен алғыс хаттарды табыстады.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жиналған қауымның алдында сөз сөйледі. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда екі ел арасындағы ынтымақтастық тереңдей түскен. Қос тарап сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туризм салаларында әріптестікті күшейтіп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар