Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
Фото: Elements envanto
Атырау облысында ұшқышсыз ұшу құрылғысына ұқсайтын белгісіз нысанның құлағаны тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметіне қарасақ, құрылғының сынықтары Ресеймен шекараға жақын дала аумағынан табылған. Полиция бұл ақпаратты растады.
«Уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшатын құрылғының бөлшектеріне ұқсайтын заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан ашық далада табылды. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жоқ. Оқиғаның барлық жай-жапсары анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Бұған дейін де Қазақстан аумағына бірнеше рет дрон сынықтары құлаған болатын. Журналистердің сұрақтарына жауап берген Қорғаныс министрлігінің өкілі бұл аппараттардың Ресейге тиесілі екенін, оларды елдің сынақ полигонында ұшырып, сынақтан өткізетінін айтқан еді.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысындағы полигон орнына қатысты материал жазған еді. Бөкей ордасы ауданындағы Капустин Яр полигонында Ресейдің әскери зымыран сынақтары жүргізіліп жергілікті тұрғындар экологиялық және әлеуметтік қиындықтарға тап болып жатыр. Зымыран сынақтарынан соң олардың қалдықтары Бөкей ордасы аумағына құлап, экология мен тұрғындардың денсаулығына әсер етеді.
Өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелген.
Бұл әлі өзекті мәселе болған соң, Orda.kz тілшісі сол ауданның тұрғыны, осы мәселені көтеріп жүрген Нағым Тәжімұратовпен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды