Атбасарда мас адам 65 жастағы анасын ұрып өлтірді

cover

Атбасар ауданының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырығымен ұрған. Соққыдан алған жарақаттан әйел көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 маусымда Атбасар өңірлік полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік инспектордан 40 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алу туралы хабарлама түскен.

– Ер адам жанжал кезінде анасына дене жарақатын салғаны анықталды. Қайғылы оқиға болған күні ер адам үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол ашуланып, өзінің 65 жастағы анасын жұдырықпен басынан бірнеше рет ұрған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдің өлімі бас миының жарақаттануы салдарынан болған, - деп атап өтті департамент.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті қазір қамауда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар