«Қарашаға дейін үйлеріне кіреді». Сапарбаев уәдесінде тұрды ма?

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыстан бері екі айға жуық уақыт өтті. Аталған оқиғадан зардап шеккен үйлердің қазіргі халі не болып жатыр? Үйіне құрылыс жұмыстары жасалған тұрғындар суық күнде не істеп жатыр?
Orda.kz редакциясының тілшісі аталған сұрақтардың жауабын білу үшін жарылысқа жақын орналасқан Қайнар ауылына барып қайтты.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев редакция тілшісіне үйлердің барлығы 1 қарашаға дейін жөнделіп, тұрғындар баспанасына қадам басатынын айтқан. Әкімнің айтқан күні келіп жетті.
Қайнар - жарылыс кезінде көп шығынға ұшыраған әскери бөлімшеге ең жақын орналасқан ауыл. Қазір үйлердің барлығы жөнделіп, төбелері жабылған. Ауыл ішіне жаңа тас жол төселіп, электр бағаналары жаңартылған. Дегенмен, тұрғындар суық күнде жылуға қол жеткізе алмай отыр. Бұл ақпаратты жергілікті тұрғын, жарылыстан зардап шеккен әскери бөлімнің қызметкері Қарлығаш айтып берді.

– Жарылыстан кейін екі рет ота жасаттым, қазір үшіншісіне дайындалып жүрмін. Жарылыс кезінде басым жарылған болатын, оны тігіп берді. Екі құлағымның да пердесі жарылды, оған екі ота жасалды. Үшінші отаның жарылысқа қатысы жоқ, - дейді ол.

Қарлығаш тұрып жатқан үй анасының атында. Жарылыс кезінде шаңырағымен қоса мал ұстайтын қорасы да қираған. Оқиғадан кейін екі рет ота жасаған ол, қазір үшіншісіне дайындалып жүргенін, қора жөндеуге шамасы жоқтығын айтқан. Қораны қалпына келтіруге аудан әкімдігі жұмысшы бөлген екен.
– Далада жатқаннан гөрі үйде қабырға бар, жылы ғой деп кіріп алдық. Майда-шүйдесі ғана қалды. Үйде де жылу жоқ, жылытқышпен отырмыз, үйдің іші ылғал тартып тұр. Суды өзіміз кіргізіп алдық. Газ негізі кірген болатын, орны тұр, бірақ қазір жоқ. Бір-екі күнде келіп кіргізіп беретін шығар. Әкімшілік жіберген жұмысшылар мал қораны жөндеп жатыр. Біз соларға түскі астарын дайындап жатырмыз, - дейді бір ұл тәрбиелеп отырған ана.
Тілшімізге үйдің ішін көрсеткен тұрғын, үйге қажетті заттардың кейбірін өздері алып жатқанын айтты.

– Қазіргі сұрақ мына құрылысшылар қолданған жарықтың қаражатын кім төлейтінін білмей отырмыз. Мердігер компания бастығы басында жарық есептегішті суретке түсіріп кеткен болатын. Қазір өздерін де таппай қалдық. Терезелердің түрі мынау. Тұтқалары дұрыс істемейді. Кейбірі жарамсыз да болып қалды. Айта бергенде ыңғайсыз екен, жаман атты боламыз ба деп. Жасалғаннан кейін дұрыс және соңына дейін жасалсын деген ой ғой. Бастысы айтылған уәделерінде тұрды. Басшылардың бәріне алғыс айтамын, - дейді Қарлығаш.
Еске салайық, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды. Аталға оқиғадан 17 адам қайтыс болып, бір әскери қызметкер іс-түзсіз жоғалып кетті.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар