Анталия отқа оранып, жергілікті тұрғындарға қауіп төнді

Түркия ормандары отқа оранды. Туристер арасында танымал Анталия провинциясы өртеніп жатыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Комсомольская правда» газетінің хабарлауынша, апатты жағдайға ауа-райы емес, қоқыстың тұтануы себеп болған. Өрт тез таралып, тұрғындар қоныстанған жерлерге дейін жетті. Эвренсеки, Еникей және Калемлер ауылдары, сондай-ақ жағалау аймағының тұрғындарына қауіп төніп тұр.
Өрт шамамен 650 гектар орманды жалмады. Аспанның 50 шақырымы түтінге оранды. Жағдай ыстық қарқынынан қиындап жатыр, ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілді.
Бастапқыда жергілікті тұрғындар өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан. Олар жалынды қалбырлармен сөндірді, бірақ бұл айтарлықтай нәтиже бермеді. Өртті сөндіруге 15 тікұшақ пен амфибиялық ұшақ жұмылдырылды. Мыңға жуық адам отпен күресуге жіберілді. Бірақ желдің және қиын таулы рельеф салдарынан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, сондай-ақ мамандандырылған техникалар жалынға жақындай алмайды. Кей жерлерде желдің екпіні 50 шқ/сағ-қа жетеді.
– Бұл қорқынышты көрініс. Біз айналамызда не болып жатқанынан мүлдем хабардар болмадық. Өрт қаланың орталық бөлігін шарпыды. Бүгінгі күні тұрғындар эвакуацияланды. Өрттің шығу себептері бойынша тергеу жүргізілуде, бірақ бұл туралы бірдеңе айтуға әлі ерте. Біздің қалада бірнеше үй өртеніп кетті. Жалын бақылауға алынды, - деді Манавгат қаласының мэрі Шукру Сезен.
Кем дегенде 53 адам орман өртінен зардап шекті. Қаза тапқандар туралы ақпарат әлі хабарланған жоқ. Сонымен бірге жергілікті билік Анталия провинциясындағы туристік орындар мен демалушылар үшін қауіп жоқ деп мәлімдеді.
Ауыл және орман министрі Бекир Пакдемирли апат аймағына кетті. Ол журналистерге бүгінге дейін болған 20 өрттің 18-і бақылауға алынғанын айтты.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар