Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
Фото: ІІМ
Ұлытау облыстық соты өңірдің бұрынғы прокуроры Самат Каниевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, Каниев бір азаматқа қылмыстық істі шешуге көмектесемін деп уәде беріп, одан ақша алған. Бұл оқиға 2025 жылдың сәуірінде болған. Демалыста жүрген Каниев өзін қызметтегі прокурормын деп таныстырып, істі «шешіп берем» деп сендірген.
Көрсетілген «қызметтің» құны — 2 миллион теңге. Ақша бірнеше бөліп аударылған. Алайда Каниев уәде еткен көмекті көрсетпеген. Ол 2025 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында ұсталған болатын.
Сот отырысында Каниев кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке баруын қарыздарының көптігімен және анасының ауыр сырқатымен түсіндірді.
Сот оны Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Пара беруге итермелеу» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Бұрынғы прокурор жәбірленушіге ақшаны қайтарғанымен, бұл оны жазадан құтқарған жоқ.
Үкімге сәйкес, Самат Каниев үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ бірінші дәрежелі заңгер шенінен де айырылды.
Айта кетейік, дәл қазір Атырау облысында «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясының басшылығына қатысты ірі көлемдегі пара мен ұрлық деректері бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды