Аманияз Ержанов лауазымынан босатылды

cover

Үкімет қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ақпаратты премьер-министр ресми сайты жариялады.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.

2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар