Алматыда жаңа мектептің қазақ тілінде ашылуын талап еткен мұғалім қамауға алынды
Фото: Masa Media
Алматыда жаңа №215 мектептің аралас тілде ашылуына қарсы шыққан белсенді әрі математика пәнінің мұғалімі Дархан Ардақұлы 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өзінің Facebook парақшасында хабарлағандай, «мектепке барамыз» деген сөзі үшін рұқсатсыз митингке шақырды деген айыппен жауапқа тартылған. Ардақұлы бұл айыппен келіспейтінін, тек өз пікірін білдіргенін айтты.

Белсенділер мен ата-аналар бұл мектеп алғашында тек қазақ тілінде болады деп уәде етілгенін, бірақ кейін аралас мектепке айналатыны хабарланғанын алға тартты. Олардың айтуынша, бұл аудан қазақ тіліндегі мектепке зәру.
Білім басқармасы мектеп тілін ата-аналардың сұранысына қарай анықтайтынын мәлімдеді. Шешім алдағы аптада қабылданады.
Қалада қазіргі таңда 215 мемлекеттік мектеп бар: 77 — қазақ тілінде, 57 — орыс тілінде, 78 — аралас, 3 — ұйғыр тілінде білім береді.
Ата-аналардың сөзіне қарағанда «Комфорт» тұрғын үй кешенінде тұратын қазақ балаларын аталған мектеп «біздің учаскеге жатпайсыздар» деген желеумен қабылдамай жатқан көрінеді.
Қаладағы Розыбақиев көшесі 254/3 мекенжайында орналасқан № 215 мектептің дәл жанында таза орыс тілінде сабақ беретін тағы бір мектеп бар екеніне қарамастан жаңа ашылған мектептің де аралас мектеп болатыны ата-аналардың наразылығын тудырып отыр. Себебі осы маңда тұратын тұрғындардың қазақ тілді мектепке деген сұранысы басым.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды