Алматыда веложарысқа байланысты қозғалыс шектеледі
19 қазанда қалада әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында жыл сайын өтетін шосселік жарыс – Giro d’Almaty өтеді. Осыған байланысты Медеуге апаратын жолдың белгілі бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Orda.kz Almaty_Joly Telegram-арнасына сілтеп.
«19 қазанда Алматыда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында жыл сайын өтетін шосселік веложарыс – Giro d’Almaty, Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең беделді оқиғалардың бірі өтеді» деп жазылған хабарламада.
Жарыс өтетін күні, сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін, автокөлік қозғалысы Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, «Royal Tulip Almaty» қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) бастап Медеу биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта уақытша шектеледі.
Аталған шектеулер жарысқа қатысушылардың қозғалысына қарай кезең-кезеңімен енгізілетіні атап өтілген.
Жаңалықтар
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады