Алматыда сауда орталығының алдында оқушы қызды ұрып кетті

cover Фото: Видеодан кадр

Алматы қаласында жасөспірімдер өз құрбысын жабылып соққыға жықты. Оқиға 8 наурыз күні болған, деп хабарлайды Orda.kz.

Жәбірленуші құрбыларымен бірге сауда орталығында жүрген кезде мектептегі танысын кездестірген. Кейін олар сыртқа шығып, өзара жанжалдасқан. Нәтижесінде 8 жасөспірім қыз 1 қызды ұрып-соғып, шашынан тартып, кастетпен қорқытқан.

Жәбірленушінің анасы полицияға арыз жазғанымен, 8 адамның тек біреуіне ғана 40 мың теңге айыппұл салынған. Белгілі болғандай, төбелеске қатысқандардың бірі бұрын арнайы мектепте оқыған, бірақ тәртібіне байланысты оқудан шығарылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар анықталып, олардың заңды өкілдері жауапқа тартылды. Істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар