Алматыда өрт шыққан үйден адамның мәйіті табылды

cover Фото: Бейнеден кадр

Алматының Түрксіб ауданында түн ортасында екі үй бірден өртенді. Өрт болған жерден адамның денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТЖМ мәліметінше, 500 шаршы метрден астам екі үй бірден өртенді. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежелі болғанын жазды. Бөлімшелер өртті сөндіру үшін жедел штаб құрды. 15 техника, 50-ден астам жеке құрам қатыстырылды.

Өртті сөндіру барысында газ баллоны жарылған. Үй ішінен бір адамның мәйіті табылды.

Айта кетейік, 2 маусым күні Алматыдағы тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар