Алматыда миллионыншы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

cover

Алматыда миллионыншы тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Бұл жөнінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Твиттер парақшасында жазды.

— Медициналық ақпарат жүйесінің мәліметі бойынша, Алматыда миллионыншы болып Самал Оқапова есімді азамат коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Денсаулығындағы ерекшеліктерге қарамастан, ол өзі мен жақындарын қорғау мақсатында екпе салдырды. Мұндай саналы әрекет өзгелерге үлгі, - деп жазды әкім.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 7,6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 700 мыңы екінші дозасып күтіп отыр.

Министрлік соңғы уақытта елде індеттің бәсеңдеп, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтады. Қазір күніне орташа есеппен 1300-1500 науқас тіркелуде. 5 қарашада 1328 адамнан коронавирус анықталған, оның 177-і Алматыда тіркелген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар