Алматыда көлік түтіндерін тексеру рейді басталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда көліктен шығатын улы газ бен түтінді тексеретін рейд  басталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Алматы Экология және қоршаған орта басқармасы Полиция департаменті және Табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жылжымалы экологиялық зертхананы және 3 жылжымалы экологиялық бекеттің қатысуымен Алматыдағы көлік түтінін тексеретін рейдті бастады.

«Жүк, жеңіл автокөліктер мен автобустар тексеріліп жатыр. Бензин қозғалтқыштары бар автомобильдердің пайдаланылған газдарын өлшеу көмірсутектердің, көміртегі оксидінің, көмірқышқыл газының, оттегінің құрамына сертификатталған «АВТОТЕСТ-02.03» көп компонентті газ анализаторларымен, дизельді көліктердің пайдаланылған газ түтінін МЕТА-01 МП 0.1(ЛТК,К) өлшегіші көмегімен тексереді» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар