Алматыда электросамокат мінген жасөспірімдер бала отырған арбаны қағып кетті
Фото: Pixabay
Алматыда екі жасөспірім ішінде бала отырған бесікарбаны қағып кетті. Айыптылардың кім екені анықталды және олар айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 31 тамыз күні Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, самокатқа кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім бірге мінген. Қуанышқа орай, арбада отырған кішкентай бала ешқандай жарақат алмады.
«Біз болған оқиғаға қатты өкінеміз. Жол ережелерін бұзғандарды қатаң айыптаймыз. Жаяу жүргіншілерге жақындағанда жылдамдықты түсіру керек. Компания қауіпсіздік жүйесі бойынша жұмысты жалғастырады және жаяу жүргіншілерді қорғау үшін заңнамаға түзетулер бойынша ұсыныстар енгізеді», – деді JET компаниясының бас директоры Мусалав Әлибеков.
Полицияның мәліметінше, айыпты жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды