Алматыда 65 жасар жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

cover Фото: Бейнеден кадр

8 тамызда, сағат 10:02-де Алматының Рысқұлов және Айша бибі көшелерінің қиылысында болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты. 65 жастағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді автокөлік қағып кетті.

Бұл оқиғаның бейнежазбасы  әлеуметтік желілерге шықты.

Orda.kz осы мәселе бойынша Алматы қалалық полиция басқармасына хабарласып, істің мән жайын сұрастырды. 

[media=https://www.instagram.com/reel/C-aY3dtCyRO/?igsh=MTl5NHd4c2pkYTlocg==]


«Аталмыш жол-көлік оқиғасы Түріксіб ауданына қарасты Рысқұлов даңғылы және Айша бибі көшелерінің қиылысында болды. Toyota маркалы автокөлік Айша бибі көшесінен Рысқұлов даңғылынан солға бұрылған сәтте 65 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Егде жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталып жатыр. Түріксіб аудандық полиция басқармасының полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады» деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар