Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндерін шырқады
Фото: Алматы әкімдігі
Бір уақытта мыңдаған дауыс «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әнін қосыла шырқады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда 5000-ден астам адам Абай әндерін орындап, Наурыз мейрамы аясында ұлы ақынның 180 жылдығын атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Сағат 9.00 Абай даңғылының бойымен Назарбаев даңғылына дейін Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының әртістері, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының болашақ музыканттары, белгілі әншілер, қала тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда 5000-нан астам адам жиналды.
Сағат 10.00-де Алматы аспанын ұлы ақынның әні жаңғыртып, бір уақытта мыңдаған дауыс «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Бұл жай ғана музыкалық шығарманың орындалуы емес, Абай мұрасын құрметтеу, жаңғырту және болашақ ұрпаққа дәріптеу. Әуелете шырқалған ән әсем Алматының көктеміне шуақ шашып, төңіректі дүр сілкінтті.

Мерекелік шара Республика Сарайының алдындағы сахнада жалғасты. Онда театрдың «Жаңа ғасыр» спектаклі мен қазақстандық мәдениеттің түрлі бағыттарын ұсынған әртістердің қойылымдары көрсетілді. «Алатау» дәстүрлі өнер театры әртістерінің өнері бағдарламаның ерекше әсерге бөледі.
Бүгін Steppe sons тобы, Жәмилә Серкебаева, Tumar ансамблі, Ұлы дала қыздары, Жұмыр қылыш, ILIGAI ансамбльдері, МузАрт Life дуэті, Aldaspan тобы, Бибігүл Қылымхан, Диас Мұратхан, Сандуғаш Стамғазиева, Тілек Базаров, Марал Анарбек, Қайратбек Бектұрсын және т.б әншілер мереке көрігін қыздырады.
Жаңалықтар
- Франция мен Канада Гренландияда консулдық ашты
- Азия чемпионаты–2026: Ел қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы медаль түсті
- Италияда Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
- Нұрлан Сабуров Қазақстанға оралды
- Жамбыл облысы Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды
- 7 ақпан таңға дейін алты облыста жол қозғалысы шектелді
- Әкімдік қызметкері әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген
- Президент конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады
- Исламабад мешітінде қаза тапқандар саны 30-дан асты
- Алматыдағы шатқалда көзге түскен барыстың мойнына қарғыбау тағылды
- Пәкістанда жұма намазы кезінде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты
- Қырғызстан президенті өзінің іс басқарушысына ескерту жасады
- Тоқаев қорғаныс министрі орынбасарларымен кездесті
- Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырды
- Қоспаев ҰҚТ мүшелері базар жерін саудалаған алаяқтығы үшін сотталды
- Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды
- Әзірбайжанда мектеп оқушысы мұғаліміне оқ атты
- «Asar Baspana» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
- ҰҚК сегіз өңірде ұстау операциясын жүргізді
- Басын су толы шелекке батыратын: Өгей әкеден қорлық көрген қыздар туған әкелерінің қарауына берілді