Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 151 қалалық бағыт бар. Оның тең жартысына «Алматыэлектротранс» коммуналдық көлік паркі қызмет көрсетеді. Маршруттардың қалған бөлігі 20 жеке компанияға берілді.
– Біз ертең тарифті көтереміз деп отырған жоқпыз. Біз мәселенің өзін айтып отырмыз. Тарифті көтеру керек. Қазір бұл 80 теңге тұрады. Өте шұғыл, өйткені маған тасымалдаушылар бірінші сұрақты «тарифті қашан көтереміз» деп қояды. Сондықтан тарифті көтеру міндет емес, біз қарастыратын қажеттілік. Жағдайға байланысты келесі көктемде бұл мәселеге қоғамдық талқылаулардан кейін келеміз деп ойлаймын. Біржақты өсім болмайды, - деді Құсайынов.
Ол бүгінге дейін қала әкімдігі тасымалдаушыларға төлейтін субсидиялар көтерілмегенін атап өтті.
– Осы жылдың басында біз төлейтін ақша көлемін көргенде назар аудардық. Бүгінде бұл жылына 40 миллиард теңгені құрайды. Алматыдағы тасымалдаушыларға бірқатар субсидиялар беріп жатырмыз. Сондықтан қала бюджеті мұндай көлемдегі ақшаны көтере алмайды, біз субсидиялауға мәжбүрміз деген сұрақ туындады, - деп қосты әкім орынбасары.
Құсайынов болжам бойынша әкімдік алдағы уақытта жылына 60-70 миллиард теңгеден астам субсидия төлеуі тиіс екенін айтты.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар