Алматы әуежайында 750 адам ұша алмай отыр
Азаматтық авиация комитеті кеше түнде ондаған рейс тоқтатылып, уақыты ауыстырылған Алматы әуежайындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, түнде бес рейс тоқтатылды. Тағы 60-ы ұшатын уақытын күтуде. Әуежайда 750-дей адам ұшып кетуді күтіп отыр.
Мамандар қазір көру мүмкіндігі 10 шақырым, жел 4 м/с, температура -17 деп хабарлады. Болжам бойынша түнгі сағат екіге дейін қалың қар жауып, желдің екпіні 8 м/с, көру мүмкіндігі 800 метрге дейін жетеді. Ауа райының жақсаруы 17 ақпанда сағат 10.00-ден кейін күтілуде.
«Ауа-райы жақсарған сайын рейстердің кешігуіне байланысты жағдай тұрақтанады. Әуежай басшылығы мен авиакомпания өкілдері жолаушыларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде. Біз рейстердің кешігуі азаматтық авиациядағы басымдық болып табылатын жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты туындайтынын атап өтеміз» деп хабарлады олар.
Рейстердің кешігуі кейінгі рейстердіңде тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін, сондықтан жолаушыларға әуе және әуежайдың ақпарат қызметтерінен олардың ұшу жағдайы мен уақытын алдын ала тексеруге кеңес беріледі, деп қосты комитет.
Жаңалықтар
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды