Алексей Навальный колонияда аштық жариялады

cover РИА

Мәскеуде түрмеде отырған ресейлік оппозиционер Алексей Навальный аштық жариялады. Ол өзіне дәрігер жіберуді талап етіп отыр. Оның адвокаттары арқылы беріп жіберген арызы саясаткердің инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Менің дәрігерді шақырып, дәрі-дәрмек алуға құқығым бар. Маған екеуін де жібермей жатыр. Белімдегі ауру аяққа көшті. Бірінші оң аяғым, енді сол аяғым сезуді қойды. Алаңдатарлық жағдай, - деп жазды Навальный.

Навальныйдың айтуынша, оны бір түнде сегіз рет оятып, ұйықтауына кедергі жасайды. Аштық жариялаудан басқа амалы қалмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Навальныйдың адвокаттары саясаткердің денсаулығының күрт нашарлағанын хабарлаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар