Ақтөбеде 75 үлескерді тақырға отырғызған компания басшысы сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каус 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық соты «Алаяқтық» бабымен қаралған іске үкім шығарды. ҚК-тің 190-бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тағылған айып толық дәлелін тапты.
2020 жылы қалада бітуге тиіс 5 қабатты екі үйдің құрылысы аяқсыз қалды. Тұрғындар ақша салған баспаналарына кіре алған жоқ.
Сот «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусқа 6 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ол сенімге кіріп, пайда табу үшін құрылысты бастап қана қойған.
Іс материалында сотталушының 2013 жылы «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрғаны айтылады. 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбе көпқабатты тұрғын үй тез пайда табуды жоспарлайды. 2021 жылы сотты болып, 2022 жылы жеңілдетілген жазамен бостандыққа шыққан.
Сотталушы үлескерлерден барлығы 421,9 млн алды. 237 млн теңгесі құрылыс-монтажға жұмсалды.
Қалған 184 млн теңгесін өзі иемденіп алған.
Енді 75 үлескердің шығынын өндіру азаматтық сот тәртібімен қаралады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды