Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында буллинг құрбаны болған 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқушы өліміне күдікті ретінде қамалғандардың үшеуі ақталып, бостандыққа шықты, ал тағы үшеуі кінәлі деп танылып, абақтыға жіберілді.
Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Сотталғандардың екеуі 10-сынып оқушысы, төртеуі 11-сынып оқушысы.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің:
- 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соққан»);
- 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық»);
- 28-бабы 3-бөлігі («Қылмысты ұйымдастыру») бойынша жүргізілді.
Оқиға кезінде жоғары сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын ұрған. Нәтижесінде 12 оқушы жәбірленуші деп танылды.

ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылған Қ.Қ., Е.Ж. және Ж.Е.-ге қатысты 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Оларға қатысты 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық дәлелденбегендіктен ақтау үкімі шықты.
Судья 106-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталған Н.Б., Е.Т. және Н.Ж. сотталушыларға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот Ақтөбе облысының білім басқармасына жеке қаулы шығарды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығына іс бойынша анықталған заңбұзушылық фактілеріне назар аудару туралы жеке қаулы берілді.

«Азаматтық талап қоюшы Раушанның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылсын. Кәмелетке толмаған Е.Т.-ның заңды өкілінен Раушанның пайдасына 5 млн теңге моральдық шығын өндірілсін. Н.Б., Е.Т., Ж.М., Е.Ж., Қ.Қ., Е.Ж. заңды өкілдерінен Раушанға үлестік тәртіпте 2 млн теңге шығын өндірілсін», – деді судья.
Еске сала кетейік, оқиға 2024 жылғы 2 қыркүйекте болды. Марқұм Нұржан Сыдық 15 жасқа толуына бір ай қалғанда қаза тапты.
Жәбірленуші тарап үкіммен келісті. Сотқа қатысқан марқұмның анасы жылап қалды және пікір білдіруден бас тартты. Ақталып шыққан жәбірленушілердің туыстары да жылап, апелляциялық шағым түсірмейтінін айтты.
Оқиғадан кейін Ақтөбе облыстық білім басқармасы арнайы жұмыс тобын құрды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қопа ауылына барып, оқушылар арасында сауалнама жүргізді. Мектептерге полиция қызметкерлері бекітілді.
Бұл оқиға мектептердегі буллинг мәселесіне қатысты жүйелі бақылаудың қажеттігін көрсетті. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы шаралар жүріп жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды