Ақтөбе облысы тұрғындарына эвакуация туралы ескертілді

cover Фото: жасанды интелект

Ақтөбеде су қоймасының қақпалары ашылып, жақын маңдағы саяжайларды су басу қаупі бар.

Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Облыс әкімі Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдары тұрғындарына сөз сөйлеп, олар үйлерін тастап, эвакуациялауға келісім беруін сұрады.

«Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың арнасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға және үйлерін тастап кетуге келісім берулерін сұраймын»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар