Ақша валютасы: Ұлттық банк кестені не үшін алып тастады?
Фото: Orda.kz/ Ольга Ибраева
Биыл 28 наурыз күні Ұлттық банк ақша айырбастау орындарындағы таблоны (көрсеткіш тақтаны) көшелерден алып тастау туралы мәлімдеме жасады. Алып тастауға курс бағасы жазылып тұрған таблолар көлік жүргізушілерге кедергі келтіріп, жол апаты көбейгені себеп болыпты-мыс. Неліктен Ұлттық банкты көшедегі жол апаты алаңдатты? Әлде бұл жай ғана сылтау ма?
Orda.kz тілшісі мән-жайды анықтау үшін «Айырбастау пункттері қауымдастығы» ұйымдастырған баспасөз мәслихатына қатысып қайтты.
Баспасөз мәслихатын қауымдастықтың басшысы Аршын Ғалымбаев, айырбастау пунктері қауымдастығының мүшесі Жомарт Балғынбаев және экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Рәбиям Серікбаева жүргізді.

Рәбиям Серікбаева Ұлттық банк шетел валютасын қолма-қол айырбастайтын стендтердің сыртқы жарнамаға қатысы жоқ деп жазғанын айтты.
«Шын мәнінде олай емес. Барлық ақпараттық стендтер ғимараттың сыртында орналасса, онда ол жарнамаға жатады. Жарнама туралы 11-бапта да жазылған. Валюта туралы стендтер егер ғимараттың кіреберісінде немесе арнайы ақша айырбастау үшін ашылған ғимараттардың сыртында тұрса ғана жарнама деп саналмайды», – деді Рәбиям Серікбаева.
Қауымдастық өкілдері экранға өз тезистерін көрсетті.


Жомарт Балғынбаевтың сөзінше, егер табло жол белгілері немесе бағдаршамды жауып тұрса, онда құқық бұзушылыққа жататынын мәлімдеді.
«Егер біздің табломыз жол белгілері мен бағдаршамды жауып тұрса, ол әрине, құқық бұзушылық болып есептеледі. Оны жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз ету керек. Біз де таблоны ілмес бұрын қалалық урбанистикадан рұқсат сұраймыз. Егер рұқсатын беріп жатса ілеміз», — деді ол.
Аршын Ғалымбаев Ұлттық банктың соңғы баянында табло жолдағы таңбаларды көруге кедергі келтірмеуі керек екенін айтты. Ал олардың таблолары жол белгілерін көруге кедергі келтіреді.
«Мен бұның қалай екенін мүлде ұға алмадым. Өйткені бұлардың бәрі жол полициясы комитеті мен әкімдік арқылы шешілетін дүние. Қай жерге ілу керек екенін мен шешпеймін», — деді ол.
Қазір қалада ақша айырбастау таблолары түнде жанбайды. Аршын Ғалымбаев таблоның кесірінен болған көлік апаттарының статистикасы болса, қауымдастық үшін жақсы болатынын да тілге тиек етті. Сондай-ақ олар Ішкі істер министрлігіне де бүкіл Қазақстан және Алматы қаласы бойынша жол көлік оқиғасына қатысты сауал жолдаған.
Рәбиям Серікбаева ақпараттық стендтерге тыйым салса, заңсыз ұйымдасқан пункттер көбейіп кетуі мүмкін екенін айтты. Олар заңды орындарға қарағанда жылдам жұмыс істейді және әртүрлі интернет ресурстарында өздерін жарнамалайды.
Ақша айырбастау таблосы белгіленген аймақтарда ғана тыйым салынған. Ал аэропорт, сауда орталығы, вокзал және казино сынды жерлерде табло жұмыс істей береді.
«Біз Ұлттық банктың бұл қадамын мүлдем түсінбедік. Егер тыйым салса, барлық жерде тыю керек, болмаса барлық жерге рұқсат беру керек», – деді Рәбиям Серікова.
Аршын Ғалымбаевтың айтуынша, егер Ұлттық банк дәл осы шешімінде қалатын болса, жасы үлкен кісілерге курс бағасын білу қиынға соғады.
«Цифрлық Қазақстан әрине, жақсы, бірақ курс бағасының визуалды көрсетілгені де артық етпейді. Бұл тұрғыдан Ұлттық банкке ешқандай ренішім жоқ, жұмыскерлер теңгенің құнды болуы үшін барын салып жатыр. Алайда бұл жолы сәл қателесті деп ойлаймын», — деді Ғалымбаев.
Сондай-ақ, Аршын Ғалымбаев Orda.kz тілшісінің қойған сұрағына стендтерді толығымен алып тастау - Ұлттық банктің өзіне мәселе туғызатынын айтты.
«Егер көше тақталарын орналастыруға тыйым салынса, бұдан айырбастау пункттері жабыла қоймайды. Кейін клиенттердің аз келуінен алыстау орналасқан орындарда жұмыс сиректейді. Ал бұл оларға үлкен мәселе туғызуы мүмкін», – деп жауап берді Айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Orda.kz тілшісіне.
Қауымдастық не ұсынады?
Айырбастау пункттері қауымдастығы баспасөз мәслихатының соңында өз ұсыныстарын экранға шығарды:
- Айырбастау пункттерінің валюта бағамдары туралы ақпаратты ашық орналастыру мүмкіндігін сақтау;
- Таблоны орналастыру кезінде стандарттар бекіту: өлшемі, жарықтандыруы, жолдың жүру бөлігінен қашықтығы және т.б;
- Күрделі жағдайлар мен бұзушылықтар болған жағдайда жазасын жеке қарастыру.
Айта кетейік, бұған дейін Orda.kz Астана әкімдігінің ешкім қызықпаған CTS компаниясы 9,8 млрд теңгеге сату үшін шығарған активі қалай пайда болғанын саралаған болатын.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты