АҚШ Йемендегі хуситтерді бомбалауды тоқтатады

cover Фото: White house

Дональд Трамп хуситтер бұдан былай соғысқысы келмейтінін мәлімдеді. Ол бомбалауды тоқтату туралы шешімді қарсы топ Таяу Шығыстағы маңызды кеме жолдарын үзбеуге келіскеннен кейін қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Ақ үйдегі Канаданың премьер-министрі Марк Карнимен кездесуі барысында Вашингтон хуситтердің кемелерді бұдан «былай жарып тастамаймыз» деген сөзіне сенетінін жеткізді.

«Олардың соғысқысы келмейді, біз оны бағалаймыз. Біз де бомбалауды тоқтатамыз, олар капитуляция жасады. Бірақ біз олардың сөзіне сенуіміз өте маңызды - олар енді кемелерді жарып тастамайтындарын айтады, ал біздің негізгі мақсатымыз да осы еді», - деді Трамп.

Хуситтер Трамптың мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.

Сейсенбі күні Израиль Йемендегі хуситтердің позицияларына жаңа соққы жасағанын мәлімдеді. Оның ішінде ел астанасы Санада халықаралық әуежайы соққы алды. Әуежай өкілі оның «толық жойылғанын» мәлімдеді.

Израиль палестиналық топтың 2023 жылғы 7 қазанда Израильге шабуылынан кейін Газа секторында ХАМАС-қа қарсы әскери шабуыл бастағаннан бері хуситтер Қызыл теңіздегі кеме қатынасын тынымсыз атқылауда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар