Айдос Сарымның «кибербуллингке» қатысты заң жобасын сенат кері қайтарды
Билік балаларға арналған кибербуллинг деп таныған кез келген контентті 24 сағаттың ішінде желіден өшіріп тастауға міндеттейтін заң жобасын сенат депутаттары мәжіліске кері қайтарды.
Сенат төрт өзгеріс енгізген, оның ішінде әлеуметтік желі мен интернет-ресурстардағы жазбаларды тек сарапшы топ бала психологиясына әсері бар екенін анықтап, бекіткен жағдайда ғана өшіру керек деген міндеттеме бар. Контентті интернет-ресурстардың ресми өкілі уәкілетті органнан хабарлама алған уақыттан бастап бір тәулік ішінде өшіруі қажет.
«Кибербуллинг заңсыз контент саналады: егер топтасқан адамдар немесе сыныптастары дүйім сыныптың алдында немесе интернет-арналарда баланы мазақ етсе, қорласа. Енгізілген түзетулерді ескере отырып, заң жобасы балаларды кибербуллингтен қорғау мәселелерін ғана реттейтін болады. Бұл жерде әңгіме әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды бұғаттау және шектеу туралы болып отырған жоқ. Осы Заң аясында саяси көзқарастар үшін ешкім әлеуметтік желіні, я болмаса басқа интернет-ресурстарды жаппайды немесе бұғаттамайды» деп мәлімдеді сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің басшысы Бейбіт Исабаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Қазір билік Facebook, Instagram, Tik-Tok, ВКонтакте сияқты әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Кәдіровтің айтуынша, бұл компаниялардың «түсінігі бар және барлығы байланысқа шығады».
Журналистер әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардың өкілдері контентті өшіруден бас тартқан жағдайда не болатынын сұрады:
«Өшіру керек, тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әрі қарай көре жатармыз. Егер олар өшірмесе, ал балаларға қатысты кибербуллинг балалар мен ата-аналардың өміріне қатты әсер ететін болса, онда техникалық жағынан интернет-ресурстың жылдамдығын шектеуге немесе толығымен жабуға болады, бірақ әзірге бұл туралы сөз болып отырған жоқ. Гипотетикалық түрде, егер олар кибербуллингтің айқын дәлелі бола тұра контентті өшіргісі келмесе, демек халықаралық сот. Бірақ, әлеуметтік желілердің көпшілігі балаларды қорлаудан қорғау фактілеріне түсіністікпен қарайды» деп мәлімдеді Исабаев.
Депутаттар сондай-ақ, ата-аналардан балаларына қатысты кибербуллинг туралы өтініштерді жекелеген шенеуніктер немесе министрліктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы емес, құрамына уәкілетті органның қызметкерлері, психологтар, лингвистер, заңгерлер және басқалар кіруі тиіс сараптамалық топ қарауды ұсынды.
Сонымен қатар, сенаторлар уәкілетті органның – АҚДМ – құқыққа қайшы контентті орналастыратын интернет-ресурстардың бірыңғай тізілімін жүргізу өкілеттіктерін алып тастауды ұсынды.
Мәжіліс біршама уақыт бұрын әлеуметтік желі иелерін билік балалар кибербуллингі деп санайтын кез келген контентті 24 сағат ішінде өшіруге міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Құқық қорғаушылар мен сарапшылар бұл нормалар елдегі цензураны күшейтуге бағытталған деп санайды.
Сарапшылар Қазақстандағы әлеуметтік желілер бұғатталған жағдайда болатын залалды $5 млрд-қа бағалады.
Заң жобасы авторларының бірі, мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазақстандықтарға әлеуметтік желілердің бұғатталуынан қорықпауға болатынын алға тартқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық