Ақтөбеліктер ветеринарлық дәрілерді коронавирус дертіне қолданған

cover

Ақтөбе облысының кейбір тұрғындары малға арналған ветеринарлық препараттың адамдарға пайдалы екенін ести сала,  оларды коронавирус емі үшін сатып алған.

Облыс тұрғындарына бұл деректер әлеуметтік желі арқылы таратылған. Ал мал дәрігерлері болса жануарларға арналған дәрі -дәрмектердің құрамында адам өміріне қауіпті компоненттер бар екендігін айтуда.

— Ивермек - жануарларға қарсы паразиттік препарат. Құрамында ивермектин бар. Ивермектің өзі үшінші қауіптілік класына жатады. Ол адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін емес. Өйткені ол организмге уытты әсер етеді. Дәріні көп мөлшерде қолданса, адам ағзасына кері әсер етеді, - деді ветеринарлық клиниканың бас дәрігері Марина Кушнер.

Ендігі жерде коронавирустан өз бетімен емделгендердің 90%-ы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылуда.

— Жануарларға арналған заттардың барлығы адамдарға жарамайды. Бізде коронавирустық инфекция мен пневмонияны емдеудің дәлелденген режимі бар. Емдеу хаттамалары бар. Біз күн сайын осы хаттамалар бойынша көмек көрсетеміз - дейді фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар