АҚШ Түркияға санкция салды: Сатып алынған зымыран кешенінің қатысы бар ма?

cover

АҚШ Түркияның қорғаныс басшыларына санкция салған. Себебі Анкара Ресейден С-400 зениттік-зымыран кешенін сатып алған. Бұл Вашингтонның жауабы, деп Reuters агенттігі хабарлайды.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, аталмыш санкция Түркия экономикасына үлкен зиян келтіреді. Коронавирус індеті салдарынан экономикасының дамуы баяулаған Анкара халі не болары белгісіз.

2019 жылы АҚШ Түркияның С-400 кешенін сатып алуы F-35 ұшақтарын құрастыру бағдарламасына қауіпті деп мәлімдеме жасаған.

Түркия дүйсенбі күні санкцияға жауап қатпақ.

https://www.youtube.com/watch?v=UBjg_opIdu8&feature=emb_title

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар