9 маусымға ауа-райы болжамы: қатты найзағай күтіледі

cover

Ауа райының тұрақсыздығына байланысты Қазақстанның тоғыз облысында дауыл туралы ескерту жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

9 маусымда Маңғыстау және Қостанай облыстарында найзағай болады. Секундына 15-20 метрге дейін солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді.

Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанда найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Аймақта солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 20 метр болады.

Ақтөбе облысында найзағай болады. Шығыс жел батыстан ауысады, жылдамдығы секундына 15 метр.

Түркістан облысында қатты жел мен дауыл соғып, найзағай ойнайды. Батыс және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 26 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысында өрт қаупі өте жоғары. Жағдайды жел қиындатуы мүмкін: солтүстік-шығыс, секундына 18-20 метр.

Алматы облысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар