«4000 сарбаз, 66 ұшақ»: Қазақстан жеңіс шеруіне қалай дайындалды?
Фото: Informburo.kz
Қорғаныс министрлігі 7 мамырда Астанада өтетін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қалай дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрліктің мәліметіне қарасақ, шеруге қатысушылардың көбі елордаға келіп, жаттығуды бастап кеткен. Даладағы лагерьде 203 тұрғын үй шатыры, 11 шаруашылықты қамтамасыз ету пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, 7 монша кешені және далада госпиталь құрылып, техникаға арналған автопарк және жөндеу-қалпына келтіру пункттері ашылды.
«Алаңға төрт мыңнан астам қатысушы жиналады. Олардың ішінде 200-ден астамы әскери әйелдер. Механикаландырылған 300-ден астам арнайы техника болады. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады», деп мәлімдеді министрлік.
Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 2,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазды. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды