Астана күні 6 шілде болғалы қалай тойланып жүр?

cover

Бүгін 6 шілде – Астана күні. Сондай-ақ, бұл күні Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 81 жасқа қадам басып жатыр.

Orda.kz редакциясы «Астана күні» соңғы 14 жылда қалай тойланғаны туралы анықтап көрді.

Астана күні туралы не білеміз?

Тәуелсіздігін алған Қазақстан өз астанасын оңтүстіктен орталыққа көшіру мәселесін көтерді. Нәтижесінде ол Алматыдан Астанаға ауыстырылады. Сол кезде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша республиканың барлық аймақтары зерттелді. 1994 жылы 4 шілдеде Қазақстан астанасы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылады. Заңды күшіне ол 1997 жылы 10 желтоқсанда енді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.

Астана күні халықаралық мейрам болғандықтан, тарихи және мәдени маңызға ие болды. Қазақстан жетістіктерінің символы ретінде бұл күні түрлі мәдени іс-шаралар, концерттер, көрмелер өтеді. Мереке соңы отшашумен аяқталатын.

2006 жылға дейін Астана күні 10 маусым тойланып келген, бірақ парламент оны елбасының туған күнімен бірге атап өтуге ұсыныс тастайды. Сөйтіп Астана күні 2006 жылдан бастап, 6 шілде күні тойланып жүр. Бастапқыда ол қоғам арасында қызу талқыға түсіп, біраз уақыт халық оған үйренісе алмаған.

Әр жылдары Астана күні қалай өткен?

2007 жыл

Астана күніне орай Астанада аты аңызға айналған қазақ қолбасшысы Бөгенбай батырға арналған ескерткіш ашылды. Ал кешке карнавал шеруі өтіп, елорданың басты алаңында гала-концерт болды.

2008 жыл

«Астана күні» ресми түрде мемлекеттік мерекелер қатарына қосылған, оған дейін ол қалалық деңгейде ғана аталып өтілетін. Астана жаңа мәртебеге ие болғаннан бастап, онда жаппай құрылыс жұмыстары басталды. Нәтижесінде Астана Орталық Азиядағы ең әдемі заманауи қалалардың біріне айналды.

2009 жыл

Астананың сол жағалауында Тәуелсіздік монументіндегі алаңға Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген барельеф орнатылды. Иә, иә Астана күні Назарбаев бейнеленген барельеф орнатылды.

2010 жыл

Бұл жылы Астана күні шілдеде емес, маусымда тойлана басталған.

  • 27 маусым мен 1 шілде аралығында Астанада «Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі» өткен. Ұйымдастырушылар оған әлемдік деңгейдегі актерлер мен режиссерлерді шақырған.  
  • 1 шілдеде Қазақстан Республикасының халық әртісі, скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен отандық композитор Төлеген Мұхамеджановтың концерті өтті.
  • 4 шілдеде Ресейдің еңбек сіңірген әртісі пианист Денис Мацуев Астанада алғашқы концертін берді.
  • 5 шілдеде «Хан Шатыры» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанатында 2010 жылдың сәуір айының соңында Expo 2010 Shanghai China көрмесін ашқан итальяндық әнші, классикалық және танымал музыканың орындаушысы Андреа Бочелли өнер көрсетті.
  • 5 шілдеде Ресейдің халық әртістері Дмитрий Хворостовский мен Игорь Крутой Мәскеу сахнасында «Дежа Ву» бірлескен бағдарламасымен өнер көрсетті.
  • Сол күні, 5 шілдеде Игорь Крутой мен Александр Серов бірлескен жеке концертін өткізді.
  • 6 шілдеде Астанадағы алғашқы концерттерін джаз орындаушылары Николь мен Кимберли Дэвис береді.
  • 6 шілдеде дәстүрлі «Арена» стадионында келесі концерттер өткен: А-студия тобы, Инь-Ян тобы, диджей Леонид Руденко, әнші Сергей Лазарев және басқа да қазақстандық орындаушылар.
  • Сондай-ақ, бұл күні қала күніне арналған басқа да дәстүрлі іс-шаралар: фестивальдар, керуендер, концерттер, байқаулар өткен.
 2011 жыл

«Астана айналасындағы мыңжылдықтар» көшпенділер өркениеті фестивалі, «Азия жаңғырығы» цирк өнері халықаралық фестивалі, «Астана кубогы» велоспорт турнирі, үрмелі аспаптар оркестрлері мен түркі музыкасының фестивалі өткен. Сондай-ақ, тұрғындарға ресейлік актер Сергей Безруковтың «Пушкин» фильмдік спектаклін режиссерлік дебюті, Лара Фабиан мен Игорь Крутойдың концертін тамашалаған. Кешке Есіл жағалауында балет кеші және отшашу шоуы өткен.

2012 жыл
  • 5 шілдеде өзінің сопрано дауысымен әлемдік көрермендерді жаулап алған Оңтүстік Корея опера дивасы Суми Джо «Қазақстан» орталық концерт залында «Viva, Астана!» арнайы бағдарламасымен жеке концертін берді.
  • «Destiny's Child» тобының әншісі Келли Роулэнд те өнер көрсетті. Грэмми сыйлығының иегері К.Роулэнд хиттерін 6 шілдеде «Асқартай бер, Астана 2012» концерті аясында «Сарыарқа» велотрегінде орындады.
  • Концерттің тағы бір қонағы музыкант, композитор және продюсер, O-Zone тобының бұрынғы әншісі Дан Балан болды.
  • Сонымен қатар, Астананың 14 жылдығына орай Ресей мен Украинаның Тимати, GeeGun, Нюша, Серебро тобы, Иван Дорн өнер көрсеткен.
  • Қазақ эстрадасын Мақпал Исабекова, Ерболат және Mysterions триосы ұсынды.
2013 жыл

Халықаралық астаналар мен ірі қалалардың ассамблеясының делегациясы Қазақстанға қонаққа келді. Мерекелік іс-шара екі күнге жоспарланған (6, 7 шілде):

  • «Астана айналасындағы мыңжылдықтар» көшпенділер өркениеті фестивалі өтті. Көшпенділердің күнделікті өмірінің нақты иллюстрациясы «Хан Шатырдың» алдындағы алаңға жайылды. Фестиваль 4-7 шілде аралығында төрт күнге созылды.
  • Сонымен қатар, «Хан Шатырдың» алдындағы алаңда «Астана-арқау» түркі музыкасының фестиваліне қатысушылар - әр түрлі елдер мен шағын ұлт өкілдері: «Хуун Хуур Ту» тобы (Тыва), Вероника Лыткина (Якутия), «От Эне» этногруппасы (Горная Шория), Радиф Бухарбаев (Башкирия), Сердар Хайдаров (Түркменстан), «Наво» ансамблі (Өзбекстан), би фольклорын «Бүркіт би» (Баян Өлгий) тобы өнер көрсетті. Барлығы фестивальге жүзге жуық топтар мен солистер келді.
  • Жаппай мерекелік іс-шаралардың қатарында қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен «Жұлдыздармен жолда» шеруі болды. Қала күнін мерекелеуге арналған салтанатты неке қию рәсімдері дәстүр бойынша 6 шілдеде «Атамекен» қорғанының алдындағы алаңда өткізілді. Осы шара аясында аспанға жаңа ақ жұптардың пайда болуын білдіретін 80 ақ көгершін ұшырылды. Елорда күні «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалі, «Дыбыс өзені» классикалық музыка кеші, «Современник» орыс театрының қойылымдары өтті. Мереке отшашумен аяқталды.
2014 жыл
  • «Күн әлемі» қалалық саябақтардың бірінші фестивалі, «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі, «Шаттық» балалар шығармашылығы фестивалі, «Астана айналасындағы мыңжылдықтар» көшпенділер өркениеті фестивалі өтті.
  • Сондай-ақ, Астана Шаттық автокараваны, «Сүйікті қалаға арналған аспаздық мамандардың шеберлігі» аспаздық фестивалі, «Аялаған Астана» Республикалық байқауының гала-концерті, «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.
  • Елорда тұрғындары мен қонақтары «Көңілді Астана» сатира мен юмор кешін, «Астана - Арқау» түркі музыкасының фестивалін, «Сиқырлы Астана» иллюзионистердің халықаралық фестивалін, «Астана - армандар орындалады» ретро концертін, «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрінің халықаралық фестивалін тамашалады.
  • Мерекелік бағдарлама «International Street Dance Session in Astana» көше би фестивалімен, «Асқақтай бер, Астана!» дискотекасымен, «Үйдегі концерт» классикалық музыка кешімен, «Дыбыс өзені» классикалық музыка кештерімен, 4D Mapping-Show бірегей проекциялық шоуымен жалғасқан.
  • Мерекелік отшашу да жоспарланған. Отшашу алғаш рет қаланың үш нүктесінен атылған. Біріншісі - Есіл өзенінде, Капитал саябағына қарама-қарсы. Екіншісі - «Хан Шатырда», ал үшіншісі - «Қазақстан» СК-нің қарсы алаңында.

Астана күнін тойлау 7 шілдеде жалғасын тапқан.

2015 жыл

Елорда күні үш күн бойы тойланған. 70-тен астам іс-шара жоспарланған. Оркестр шеруі, шығыс базары, ашық аспан астындағы концерттер. Әлемдегі ең үлкен шатырдың қасында киіз үйі бар ауыл құрылған. Онда бүркіт ұстаған аңшыларды және атпен жүрген көшпенділерді кездестіруге болатын.

Сонымен қатар, Астанада әлемдегі ең үлкен ет тағам дайындалды. Салмағы 700 килограмм болатын бешбармақ. Сондай-ақ, елорданың ортасында 30-ға жуық жұп отау құрған.

2016 жыл

Мереке қарсаңында Астанада Халықаралық Street Dance Session-2016 фестивалі өтті. Оған 700 биші қатысты. Ұтысқа 2,5 млн теңге тігілді. Бас жүлдеге 1 млн берілді.

Елорданың «Жерұйық» саябағында «Қымызмұрындық» этнографиялық фестивалі өтті.

2017 жыл

6 шілдеде Астанадағы ашық аспан астында рок-концерт өткен. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының етегінде «Көшпенділер қаласы» тарихи-этнографиялық, мәдени-сауық кешені ұйымдастырылған. Әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар «Щелкунчик» мұз шоуы өтті. «Жастар» сарайының жазғы алаңында «Бәрі ән шырқайды!» караоке чемпионатының үлкен финалы өтеті. «Серпер» халық аспаптар оркестрлерінің V фестивалі аясында 6 шілдеде қала әкімдігінің жанында (Қала алаңында) орнатылған сахнада 6 оркестрден 200 музыкант өнер көрсетті. Халықаралық «Астана Самалы» фестивалі сегізінші рет өтті. Сонымен қатар, Халықаралық «Шаттық» жас таланттар фестивалінің концерті өтті.

Алматыда Астана күнін мерекелеу сағат 20:00-ден бастап Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтті. Іс-шараға ресейлік эстрада жұлдыздары: Джамиля Серкебаева, «GS» гитара дуэті, Зарина Омарова, Турар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, «Ligtbend», «Аюми», «Misterions» топтары, сонымен қатар Зируза, Кентал, Серік қатысты.

2018 жыл
  • Елдегі мерекелік іс-шаралар 4 шілдеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада еліміздің басты туын көтеріп, елорданың 20 жылдығын тойлауды бастаған кезде басталды.
  • Астанада мерекелік шаралар таңертең бастау алды.
  • Кешке 17:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда елорда күніндегі ең қызықты оқиғалардың бірі - Халықаралық The Spirit of Astana 2018 қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі өтті.
  • Сондай-ақ, Астанада қазақстандық және шетелдік әртістердің қатысуымен «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда гала-концерт өтті. Астананы туған күнімен Қайрат Нұртас, Мадина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы құттықады.
  • Алматыда мереке күндері 20-дан астам мерекелік іс-шара өткен. 6 шілдеде сағат 20:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті: Луина, «MuzArt life», «Dauys International», Диана Шарапова, «RinGO» тобы және т.б.

Жалпы 2018 жылы Астана күнін тойлауға 19 млрд қаржы жұмсалды.

1 жылда Астана күні мен елбасын туған күнімен құттықтауға 19 млрд кетсе, бұған дейін 12 жылда неше қаражат кеткенін есептеуге қорқынышты.

Жаңа президент келгелі Астана күніне өзгеріс болды ма?

2019 жыл

Елбасы өз қызметінен кетіп, орнына жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Не болсада бұл жылы 2019 жылы Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты мерекелік шараларға бюджет үш есеге қысқарды. Осылайша, тойлауға шамамен 300-400 млн теңге бөлінген.

6 шілдеде үрлемелі аспаптар оркестрінің концерттері, халық аспаптары, заманауи музыка, караоке чемпионаты, этникалық фестиваль, «International Street Dance Session in Astana» көше би фестивалі, «Шаттық» балалар шығармашылығы фестивалі, мұз шоулары өтті. Олар әдеттегідей қаланың орталығында емес, оның сыртындағы көрікті жерлерде ұйымдастырылды.

Қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін OPEN AIR сияқты ірі шаралар кестеден шығарылған.

Еске салсақ, 2019 жылы 20 наурызда Тоқаев ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың тұңғыш президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды. 23 наурызда заңға қол қойылды.

Елорданың жаңа атауы – Нұр-Сұлтан дефис арқылы жазылатын болды. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған, «нұрдың сұлтаны» деген мағына береді.

2020 жыл

Әкімдікте елордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала күніне жоспарланған іс-шаралар тек онлайн режимде өткізілетінін айтты.

Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы, «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы сияқты маңызды нысандар мен «Үйдегі дәрігер» медициналық орталығы ашылды.  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімі

Алайда, Нұр-Сұлтанның кейбір аудандарында мерекелік іс-шаралар онлайн өтеді дегенімен, алаңдар декорацияланған. Атап айтқанда, концерт өтетін алаң, авто кинотеатр ұйымдастырылып, құрылған. Ең қызығы жұмысшылардың айтуынша, кинотеатрда елбасының өмірі туралы баяндайтын фильмдер көрсету жоспарланған. Бірақ пандемия мен халық арасындағы наразылық жоспарға балта шапқан.

Бірақ бұл күні елорданың 3 ауданында отшашу өткен. Ол көпшілік арасында қызу талқыға түсті. «Пандемия кезінде ИВЛ аппараттар жетпей жатқанда от шашу жасағандарына» халық ашуланды. Бірақ әкімдіктегілер ол спонсорлық ақшаға жыл басында сатып алынып қойған деп жауап берген. Бірнеше басылым пандемия кезінде Астана күніне қанша қаржы бөлінгені туралы білмекші болған. Жауапты органдар жауап бермеген. Ал отшашудың спонсоры кім екені белгісіз.

2019 жылы 400 млн кетсе, алдағы жылдары Астана күнін тойлауға мемлекет неше млн немесе млрд бөлгені белгісіз.

2021 жыл
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елорда күніне арналған шығармашылық кездесуі «Нұр-Сұлтан - өнер астанасы» тақырыбында елордада өтіп жатыр.
  • Негізгі іс-шаралардың бірі - ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды республикалық іс-шара ұйымдастыру. Ол 4 шілдеде сағат 11:00-де және 21:00-де «Экспо» Халықаралық көрме орталығы аумағында Qazaqstan телеарнасында онлайн-көрсетілімімен өтеді.
  • 2-3 шілде аралығында «Астана Балет» театрының сахнасында маусымның басты премьерасы - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтунның «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасы-балеті өтеді.
  • 4 шілдеде сағат 18:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында «Астана Опера» халықаралық опера академиясының тұсаукесері мен салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатында итальяндық опера әншілері Маттия Росси, Франческо Мелли, моңғол опера әншісі Бадрал Чулуунбаатар, қырғыз опера әншісі Саян Исин, ​​сондай-ақ «Астана Операның» жетекші солистері өнер көрсетеді, - делінген хабарламада.

Бірақ 4 күннен кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мерекелік шаралар онлайн-форматта өтеді, ал отшашу мүлде болмайды деп мәлімдеді.

Астана күні «үнді» штамының қарсаңында қалай атап өтілетінін бүгін білетін боламыз!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар