123 талапкер «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды

cover

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен кадрларды шетелде оқыту жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура мен докторантурада оқитын, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 123 талапкерге тағайындалды.

Бұған дейін 2020 жылы конкурстық екі іріктеудің нәтижелері бойынша Комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар