Жанболат Мамай қылмыстық іс бойынша пікір білдірді
26 қазан күні тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі, белсенді, саясаткер Жанболат Мамайдың үстінен қылмыстық іс ашылып, полиция департаментіне шақырылған болатын.
Orda.kz журналистері оқиға орнына келіп, Қазақстанда тіркелмеген Демпартия жетекшісінен қылмыстық іс пен полицияның жауап алуы туралы пікірін сұрады.
Жанболат Мамай полиция департаментінен шыққаннан кейін Orda.kz журналистеріне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
– Тергеуден шықтым. Мұсақанов деген тергеуші болды. Мен жауап беруден бас тарттым. Олар қандай айып тағып отыр? 18 қыркүйек күні Абай есткерткішінің алдында «полиция қызметкерлері Отанына опасыздық жасап жүр. Олар қарабеттер» деп айттым. Сол сөзім полиция қызметкерлерін қорлау, ар-намысына тию деп бағаланып, қылмыстық іс қозғап отыр, – деді Демпартия жетекшісі.
Мамайдың айтуынша, бұл 16 желтоқсанда болуы мүмкін митингке байланысты алдын ала жасалып жатқан шара.
– 16 желтоқсан келе жатыр. Тәуелсіздігіміздің - 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғаларына - 35 жыл, Қазақстанда болған қанды оқиға - Жаңаөзен қырғынына 10 жыл болады. Халық алаңға шығып, наразылық танытып, митинг ұйымдастырады деп, алдын ала осындай қылмыстық істер қозғады. Бұл мені қамаудың бірден-бір амалы деп ойлаймын, – деді Жанболат Мамай.
Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша филологиялық сараптама өтеді. Сараптама қорытындысы сотқа жіберіліп, үкім шығады.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады